Үздік құтқарушылар сайысы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 07:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік құтқарушылар сайысы

3 Октября 2016 (17:31) | 2668 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысының өрт сөндірушілер арасында «Ең үздік газ түтінінен қорғаушылар буынынан» сайыс өтті

 

2016 жылы 27 қыркүйегінде Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері арасында Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі аумағында «Ең үздік газ түтінінен қорғаушылар буыны» сайысы өткізілді. Бұл туралы біздің редакциямызға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева хабарлады.

 

Сайысқа адамдардың дем алуға жарамсыз, уытты газдардың концентрациясының барлық нормалары жоғарылатын ортада алдына қойған тапсырмаларды орындау мақсатында 12 команда қатысқан болатын, сонымен қатар, жауынгерлік дайындықты, газ түтінінен қорғау қызметінің (ГТҚ) жеке құрамын психологиялық беріктігін жоғарылатуға септігін тигізді және де ең үздік ГТҚ буынын анықтады. Сайыс бірнеше жаттығулардан құралды, есепке келгенде, орындауға кеткен жалпы уақыты саналды.

 

Алғашқы бөлімде өрт сөндірушілер тыныс алу органдарын қорғау аппараттарын тексереді және киеді, команда 2 қабат деңгейіне дейін сатымен көтеріледі, сол жерден құтқару арқандары көмегімен зардап шегушілерді түсіреді.

 

Келесі бөлімде өрт сөндірушілер жылы түтінді камерасына, шынайы жану аймағы жағдайына жақын жағдайдағы түтінді аймаққа кіреді, онда шектеулі көрініс аймағында тез арада өрттегі зардап шегуші кейпіндегі манекенді тауып, қауіпсіз жерге алып шығу керек.

 

Есеп әдеттегідей жаттығуды дұрыс орындаушылық, кемшіліктері үшін, қолғаптардың болмауы, тексерілмеген баллон қысымдарына қосымша уақыт есептелінеді, шынайы жауынгерлік жағдайда бұл тек өрт сөндірушілердің өмірі мен денсаулығына ғана емес, сондай-ақ барлық бөлімшеге байланысты болып келеді.

 

Сайыстың қорытындысы бойынша: Ең үздік газ түтінінен қорғаушылар буыны атағын Ақтау қаласы № 8 өрт сөндіру бөілімінің командасы иеленді, ең үздік газ түтінінен қорғаушысы болып Ақтау қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Утегулов Құралбек атанды, қауіпсіздік бекетіндегі үздік бекетші атағы Қарақия ауданы Құрық селосы №2 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау старшинасы Дюсенов Асланға бұйырды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

- Осындай іс-шаралардың өткізілуі өрт сөндірушілердің дайындығында үлкен маңызға ие, себебі түтінденген аумақта 1 минуттан астам уақыт болу ол ірі тәуекел болып табылатыны құпия емес. Өрт сөндіру-құтқару қызметінің жұмысында нақты өрт сөндірушілер тыныс алу органдарын қорғау аппараттары көмегімен түтінді аймақта қалған зардап шегушінің өмірін сақтап қалғанфактілері аз емес.

 

 

Ққұтқарушылардан қойылған тапсырмаларды үйлесімді орындау талап етілді, себебі сайыстың талабы бойынша барлық команда жұмысы бағаланды. Қатысушыларға қойылған талап жоғары болды – команданың әрбір мүшесінің дене шынықтырудан және психологиялық дайындығы сайыс тапсырмаларын орындаудың ақырғы нәтижесінен байқалды, - дейді Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему