Әмірбек - облыстан тұңғыш шыққан ересектер арасындағы ҚР чемпионы!
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 01:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әмірбек - облыстан тұңғыш шыққан ересектер арасындағы ҚР чемпионы!

3 Октября 2016 (17:28) | 2666 | Автор: Нурганым Имашева

 

Семейде ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдо күресінен өткен ҚР-ның чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі додада жерлестеріміз, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің үш бірдей шәкірті топ жарып, облыс мерейін өсірді.

 

23 жасқа дейінгі ерлер арасында 66 келі салмақта белдескен Әмірбек Жеңісов тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен апталды. Осылайша, ол Маңғыстау спорт тарихында алғаш рет дзюдодан ересектер арасында Ел чемпионы атанды. Сондай-ақ 70 келі салмақта Ақниет Тұрдан әйелдер арасында ҚР чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты. +78 келі салмақта Нұрсая Өтеп үшінші орынды олжалап, қола медальді кеудесіне тақты. Балуандарды жарысқа облысқа белгілі бапкерлер Манарбек Бисекенов пен Жомарт Қобыланов дайындады.

 

- Әмірбек-Маңғыстау облысының тарихында тұңғыш шыққан ересектер арасындағы ҚР чемпионы. Боз кілемге белдесуге шыққан балуанымыз барлық қарсыластарын ойсырата ұтып, жерлестеріне алтын медальды сыйлады. Әмірбек-ШҚО, СҚО, Ақтөбе, Жамбыл облысының балуандарын «иппон» әдісімен (таза жеңіс) ұтып, финалға жолдама алды. Ақтық сында да павлодарлық балуанның жауырынын жер иіскетіп, алтын медальдың иесі атанды. Бұл-өте үлкен нәтежие, еселі еңбектің жемісі деп бағалаймын. Ақниет те қарсылас шыдатпай, Қостанай, ШҚО және алматылық балуандарды «иппон» әдісімен жеңіп, алтын медальді иеленді. Мұндай бәсекеден үш бірдей балуанымыздың жеңіс тұғырынан көрініп, жеңіспен оралуының өзі біз үшін үлкен жетістік. Жеңісімізді Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз, - дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.

 

Жерлесіміз Нұрсая болса, шымкенттік балуанға есесін жіберіп, қола мелальді қанағат тұтты. 1-2 қазан күндері өткен жарысқа еліміздің әр аймағынан жиналған 350 балуан қатысты. Облысымыздың намысын 12 балуан қорғады. Командалық есепте Маңғыстау облысы екінші орыннан көрінді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему