Мұрағаттағы әсерлі сабақ
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұрағаттағы әсерлі сабақ

26 Сентября 2016 (15:36) | 1657 | Автор: Нурганым Имашева

 

Орналасқан жер атауына байланысты Ақтау қаласы атының қайта оралуына 25 жыл толуына орай Маңғыстау облыстық мемлекеттік мұрағатының оқу залында «Ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық ақпарат» бөлімінің мұрағаттанушысы Дәмежан Мұнайтпасованың жетекшілігімен 16-шы қыркүйекте «Ақтау – ақмаржан қала» атты әдістемелік сабақ өтті.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғысткау облыстық мұрағатының біліктілігі жоғары санаттағы мұрағаттанушысы Аяған Рамазанұлы Аманов хабарлады.

 

Сабаққа Маңғыстау гиманитарлық колледжінің 23 студенті қатысты. Болашақ тәрбиеші-ұстаздарды олардың оқытушысы Г. Таңатбекова бастап келді. Сабақ барысында қала құрылысының жертөледен басталып, зәулім ғимаратты құрылыстарға дейін бой көтеруі, салыну тарихы, алғашқы құрылысшылар, қаланың алғашқы басшылары жөнінде әңгімеленіп, слайдтар арқылы көрсетілген деректі фотосуреттер мен құжаттар сабақтың мазмұнын аша түсті.

 

Қаланың орналасқан жері теңізге сұғына біткен шағын түбектің орналасуына қарай жергілікті халық оны «қолтық» деп атаса, осы қолтықтың теңіз жағынан қарағанда қабырғалары ағарып, ақ тау сияқты болып көрінгендіктен шаһар «Ақтау» деп аталған.

 

Ақтау елді мекеніне 1959 ж. 31-шілдеден бастап Ақтау поселкесі атауы беріліп, 1963 ж. 10 желтоқсанынан бастап қала мәртебесіне ие болды. Маңғыстау түбегінде айдауда болып, түбектің көрікті жерлері мен жергілікті халқы, олардың тұрмысы жайлы көптеген туындыларын қалдырған украин халқының ақыны, суретшісі Т.Г.Шевченконың туғанына 150 жыл толу құрметіне 1964-1991 жылдары «Шевченко» аты беріліп, кейін қала тұрғындарының өтініштері бойынша 1991 ж. 13-қыркүйекте тарихи жер атауы кері қайтарылды.

 

- Сабақ барысында қаланың осы кездегі бой көтерген алып құрылыстары туралы колледждің ұстазы мен студенттері өз пікірлерін ортаға салды. Тыңдаушыларды қала көркінің қоршаған ортамен байланысы туралы әртүрлі деректер ерекше қызықтырды. Студенттер өздерінің туған қаласының одан әрі көркейе түсуіне, тазалығы мен гүлденуіне болашақта үлес қосатындықтары туралы айтып, соңынан деректі құжаттар сақталатын орын – мұрағат қоймаларын аралады. Сабақтың тәрбиелік мәнінің әсерлі болуы - мұрағаттанушы Д.Мұңайтпасованың талапты ізденісінің нәтижесі екені сөзсіз, - дейдіоблыстық мұрағаттың мұрағаттанушысы Аяған Аманов.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему