Маңғыстаулық балуандар 4 медальді иеленді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 17:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуандар 4 медальді иеленді

25 Сентября 2016 (16:14) | 1519 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстаулық балуандар Орал қаласында өтіп жатқанҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еліміздің құрметті спорт қайраткері, дзюдодан КСРО-ның спорт шебері, «Дзюдо Тарланы» орденінің иегері Бердығали Тулегеновтің жүлдесіне арналған турнирде бақ сынауда. Жарыстың алғашқы күндері маңғыстаулық жеткіншектер Жасұлан Асанов, Дарын Төребай, Нұрсұлтан Манарбекұлы, Мейрамбек Алдаберген топ жарып, жерлестеріне алтын, күміс және қола медальдарды сыйлады. Жарысқа спортшыларды балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкеріЖомарт Қобыланов дайындады.

 

Оралда 22-24 аралығында өтіп жатқан жарысқа 2003-2008 жылы туған балуандар қатысуда. Жарыстың алғашқы екі күнінде Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан 260 балуан қатысып, бақтарын сынауда. Бұл жарысқа біз 17 балуанды әкелдік, олардың арасынан 55 келі салмақта Жасұлан Асанов алтын медальді иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. +55 келі салмақта Дарын Төребай мен 50 келі салмақта Мейрамбек Алдаберген күміс медальді еншілесе, 38 келі салмақта Нұрсұлтан Манарбекұлы қола медальді қанағат тұтты.

Одан бөлек шәкіртім Жасұлан Асанов 7 секундта қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, айқын басымдылықпен жеңіске жеткені үшін «Үздік техникасы» аталымымен марапатталды. Жарыс 24 қыркүйек күні аяқталады, енді үш балуаным белдеседі, жеңіс тұғырынан көрінеді деген ойдамын,-дейді «Жастар» спорт мектебінің бапкері Жомарт Қобыланов.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему