Түрі өзге болғанмен, тілі бір Виген
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түрі өзге болғанмен, тілі бір Виген

23 Сентября 2016 (15:01) | 2729 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қазақ халқы – дархан көңіл, кең пейіл халық. Сол кеңдік қасиеті мен мейірбандығының арқасында мемлекетімізде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері береке – бірлікте өмір сүріп жатыр.

 

 

Елбасының сындарлы саясатының нәтижесінде бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ағайындардың елімізде білім алып, қызметте жетістіктерге жетуіне барлық жағдай жасалған. Оларды сен орыссың, неміссің, татарсың деп бөліп-жарып жатқан ешкім жоқ. Олардың ұлты, діні, ділі, тілі басқа болғанымен қазақ жерінде қазақтармен біте қайнасып кеткен.

 

Солардың бірі – Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінде Техникалық қызмет басқармасының «байланыс бөлімінде» аға инженер қызметін абыроймен атқарып жүрген Аванесян Виген Александрович.

 

Аванесян Виген Александровичтің ұлты - армян, Әзірбайжан Республикасының Варташен қаласында 1986 жылы тамыз айында дүниеге келген. Балалық балғын шағы Ақтау қаласында өткен Виген, мектепке барғанша 13-ші шағынауданда орналасқан №54 балабақшада тәрбиеленді.

 

2003 жылы өзге балалар секілді Виген де орта мектепті бітіріп, 2004 жылы Ш.Есенов атындағы университетке оқуға түсті. 2008 жылы аталған оқу орнын «Қаржыгер» мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп шықты. Кішкентайынан қазақ балаларымен бірге тай-құлындай тебісіп, қатар өскен Вигеннің достарының көбі қазақ балалары болғандықтан шығар, қазақ тілін жақсы біліп ержетті. Анасы Кнара Гагаевна – ұзақ жылдар бойы балабақшада тәрбиеші болып еңбек етуде, бүлдіршідерді тәрбиелеп, көп ұлтты педагогикалық ұжымда жұмыс жасайтын оның да қазақ халқының салт-дәстүріне, тіліне, мәдениетіне деген көзқарасы түзу. Қос ұлы Виген мен Артемды да өздері тұрып жатқан қазақ елінің салт-дәстүрін сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеп келеді.

 

Осындай өнегелі отбасында тәрбиеленіп, қазақи ортада өскен Вигеннің қазақ ұлтынан еш айырмасы жоқ. Қазақтың салт – дәстүрін де ұстанады, қазақ тілін де бір адамдай біледі. Ол туралы облыстық Ішкі істер департаментінде бірге қызметтес болып жүрген әріптестері ризашылық сезімдерін жасырмай былай дейді:

- Біз Вигенді қазақ тілінің жанашыры ретінде бағалаймыз, өйткені ол қазақ тілін армян тілінен артық білмесе, кем білмейді.

Ішкі істер саласындағы мемлекеттік тілді аса құрметтейтін қызметкердің бірі десек артық емес. Себебі, еліміздегі өзге ұлт өкілінің мемлекеттік тілді білуі - қазақ халқына деген құрметі деп есептейміз. Ал, елдің патриоты болу, нағыз азаматы болу - мемлекеттік тілді – қазақ тілін білуден басталатынын әрқайсымыз жақсы білеміз.

Біздің әріптесіміз Виген қазақ жерінде өсіп-өніп, тәлім-тәрбие алған. Қазақ еліне деген құрметінің арқасында бүгінде қазақтың тілін бір кісідей меңгеріп, мәдениетін, салт-дәстүрін қадірлейтін азаматтардың қатарында. Ұлты армян болса да, жүрегі, тілі - қазақ.

Сонымен бірге, Виген Ішкі істер департаментінде өзге ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйретуге шақыратын қазақ тілі курсына қатысып, тілді тереңірек үйренуде. Қазақша өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп, тебірене оқи алады. Виген секілді ішкі істер саласы қызметкерлерінің қазақ тілінде еркін сөйлегенін көріп, бір марқайып қаласың. Тіліміздің мәртебесін асқақтатуда оның қосар үлесінің зор екенін білеміз.

 

Виген Александрович – ішкі істер саласында 2010 жылдан бастап қызмет етуде. 2012 жылдан бастап қазіргі кезге дейін Техникалық қызмет басқармасының «байланыс бөлімінде» аға инженер қызметін атқарып келеді.

 

 өзімнің Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Қазақ елінде тәрбие алып, өсіп-өндім, мамандық алып, еңбек етудемін. Көпұлтты егемен елімнің көк туы биікте желбіреп, мәртебесі асқақ болғанын қалаймын. Қазақ тілін өз ана тілімдей сүйемін. Оның дамуына өз үлесімді қосуды мақсатым деп білемін, соған бар күш-жігерімді арнаймын, - дейді біздің кейіпкеріміз Аванесян Виген ағынан жарыла.

 

   Өз-өзіне жоғары талап қоя білетін Виген еңбек ете жүріп, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы университеттің «Заң» факультетін тәмамдап, «заңгер» мамандығын қосымша игеріп алды. Ішкі істер органдарында қызмет атқару барысында өзін тәжірибелі маман ретінде көрсетіп келеді. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, ұжымдастары арасында беделге ие. Қиын жағдайларда тез шешім таба білетін шебер маман.

 

Ішкі істер органында қызмет өткеру кезінде өзін кәсіби сауатты, қызметіне адал берілген қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсетуде. Өз ортасында сыйлы, әріптестері арасында абыройлы. Полициядағы әрбір қызметтің өзіндік қиындығы болады. Виген Аванесян қызметтік міндетін орындау барысында кәсіби шеберлік танытып, сонымен қатар, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Оған дәлел,Виген Аванесян қалалық, аудандық ішкі істер басқарма, бөлімдерінде тіркелген жаңа автокөліктерге GPS функциясы бар Тетра стандартты ұялы станциялар қондырып, сигналды дауыс зорайтқыш жабдықтар орнатты. Ішкі істер департаментінің дербес бөліністеріне және қалалық, аудандық ішкі істер бөлімдеріне бейнетіркегіш жабдықтарын қосып, қызметін жауапкершілікпен атқаруда. Күнделікті қызметінде ақаулары бар көшірме және принтер жабдықтарын жөндеу және картридждерді толтырумен айналысады. Барлық бөлімдерге байланыс құралдарын таратып, істен шыққан радиостанция және қызметтік автокөліктердің дабыл құралдарын орнату, жөндеуге беріп, қайта іске қосу жұмыстарын жүргізеді.

 

 - Ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласып, өз қызметік міндеттерін жауапкершілікпен орындайды. Ішкі істер органдарында қызмет атқару кезінде жұмысына адал қарайтын қызметкер ретінде өзін тек жақсы жағынан көрсетуде. Өз ортасына сыйлы, әріптестеріне абыройлы, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеретін Вигендей азаматтарымыз көбейе берсін, - деп өздерінің жүрекжарды тілектері мен жағымды пікірлерін білдірді ұжымдастары.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему