Үздік мамандарды анықтады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 15:06
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үздік мамандарды анықтады

20 Сентября 2016 (18:34) | 1996 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Ақтау қаласы)» мемлекеттік мекемесінде «Үздік маман» атағына бөлімшелердің жеке құрамы арасында байқау жарысы өтті. Облыстық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің үздік мамандары теориялық білім жағынан сыналды, сондай-ақ дене шынықтыру дайындықтары бойынша нормативтерін тапсырды.

 

- Байқау жыл сайын біліктілік және кәсіби деңгейін жоғарылату, сәтті өрт сөндіру және адамдарды құтқару үшін өрт сөндіру, арнайы, авариялық-құтқару техникалары және жабдықтарымен жұмысын машықтандыруды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

 Өрт сөндіруде негізгі жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындау үшін, өрт сөндіру күзеті бөлімшелерінің жеке құрамы әрдайым жауынгерлік дайындықта болуы қажет, жоғары жауынгерлік қабілеті болуы қажет. Жоғары жауынгерлік қабілетке жету көбінесе оның қаншалықты техникалық жабдықтар мен жарақтарды тиімді әрі тез қолдануына байланысты болса, соншалықты жеке және басшы құрамның моральдық және жауынгерлік сапасына, кәсіби-жауынгерлік дайындығына байланысты болып келеді.

Жоғары моральдық пен жауынгерлік сапаның ұштастығы, азаматтық бірлесу - көмек пен қызметтік борышты орындауда жеке жауапкершілікті сезіну, өзіне қабылдау, шыдау және бірлікте психологиялық беріктік, қойылған тапсырмаларды – өрт сөндіруді, ең маңыздысы – адам өмірін құтқаруда тиімді, сәтті шешуге әкеледі.

Үздік атану үшін қарауыл бастықтары мен өрт сөндірушілер шабуыл сатысы арқылы оқу ғимаратының 3-ші қабатына тез көтерілу жаттығуларынан өтті, ал жүргізушілер – су айдындарынан су беру және шартты жалын ошағына су беру сынақтарынан өтті, - дейді Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары (Ақтау қаласы) мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева.

 

Байқау нәтижелері бойынша «Үздік маман» байқауы жеңімпаздары болып: қарауыл бастықтары арасынан Салиев Жангелді (Бейнеу ауылы № 6 өрт сөндіру бөлімі), бөлімше командирлері арасынан Коныспаев Амандык (Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі), өрт сөндірушілер арасынан – Көпбаев Асхат (Ақтау қаласы № 8 өрт сөндіру бөлімі) танылды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему