Маңғыстаулық мұнайшылардың жеңісі
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 12:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық мұнайшылардың жеңісі

19 Сентября 2016 (09:24) | 3385 | Автор: Нурганым Имашева

 

Астана қаласында өткен «ҚазМұнайГаз»ҰК»АҚ қызметкерлерінің спартакиадасында маңғыстаулық мұнайшылар жеңіс тұғырынан көрініп, жүлделі үшінші орынды иеленді.

 

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және мұнайшылардың мерекесіне орай ұйымдастырылған жарыс «Назарбаев» Университетінің спорт залында өтті. Волейболдан өткен жарысқа алпауыт компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарамағындағы еншілес және бірлескен ұйымдарынан жасақталған 10 команда қатысып, бақтарын сынады.

 

«Қаражанбасмұнай» АҚ командасының капитаны Əділбек Кенжеғалиұлы:

- Біздің мекеменің әрбір қызметкері спортқа әуес. Жыл сайын өткізілетін компания аралық спартакиадаға ұйымшылдықпен қатысу мұнайшылар үшін жақсы дәстүрге айналған.

Әдетте біз қыркүйек айының алғашқы жексенбісінде спорттық мерекеде бас қосамыз. Бұл жолы жарысқа 10 күн дайындалдық. Тыңғылықты дайындықтың нәтижиесінде жеңіске жетіп, ұжымымыздың намысын абыроймен қорғадық.

 Жалпы біздің мекеменің жігіттері мықты, қаласа бәріне де үлгереді. Жұмыс орнында тапжылмай еңбек етеді, жаттығу мен жарысқа да уақыт табады ,- дейді.

 

Тартысты өткен жарыста «КазТрансОйл» компаниясының командасы бірінші орынды иеленсе, екінші орынға «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қол жеткізді. Жүлделі үшінші орынды маңғыстаулық «Қаражанбасмұнай» АҚ командасы еншіледі. Команда құрамында С. Айдаров, Б. Жайлаубаев, С. Жайлаубаев, Е. Бiләлов, А. Иманбаев, Ж. Әскербаев, Д.Сейтмағанбетов, К.Мырзатаев, Ә.Кенжеғалиұлы, А. Қылышбаев, Қ.Өтегенов өнер көрсетті.

 

 

«Қаражанбасмұнай» АҚ командасының мүшесі Бекзат Жайлаубаев:

 - Біз спартакидаға биыл бесінші рет қатысып отырмыз. Бұған дейін 2012 жылы Астана қаласында өткен спартакидада үшінші орынды иеленген болатынбыз. Сол жеңісімізді бұл жолы да қайталадық. Өте қуаныштымыз.

Жалпы біздің мекемеде қызметкерлердің бос уақыттарын тиімді пайдаланып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын сақтауы үшін барлық жағдай жасалған. Сондықтан да келер жылы дайындықты мықтылап қолға алып, бірінші орынды иеленеміз деп үміттенемін, - дейді.

 

Жарыс жеңімпаздары «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ - ның басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың атынан дипломмен марапатталып, медаль, кубоктарға ие болды. Сондай-ақ спартакиада қатысушылары спорттың өзге де түрлері шағын футбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, 100 метр қашықтыққа жүгіру, үстел теннисінен сайысқа түсті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему