Аймақта көз кемшілігін түзеу операциялары жасалмақ
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 09:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта көз кемшілігін түзеу операциялары жасалмақ

6 Сентября 2016 (15:35) | 2629 | Автор: Нурганым Имашева

 

Мемлекеттік бағдарлама арқылы қолдау тапқан мекеменің тағы бірі - «Нейрон» мединициналық орталығы. 24 жылдық қызмет өтілі бар клиника өңірдегі маңдайалды емдеу орындарының қатарында. Орталық мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытында іскер қатынастарды үнемі жетілдіріп келеді. Бүгінде компания облыс тұрғындары мен меймандарына - клиникалық, биохимиялық, серологиялық зерттеу, ИФА, зертхана, компьютерлік томография, УЗИ, күндізгі стационар, стоматология, амбулаториялық хирургия, физиотерапия, массаж, ЛФК, ине-рефлекторлық терапия сияқты ем шараларын ұсынуда.  

 

Осыдан біраз жыл бұрын орталық басшысы Б. Чагай «Даму» кәсіпкерлерлікті қолдау Қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалына келіп, «Көз микрохирургиясы мен гемодиализ» бөлімшесін ашуға бағытталған бизнес-жоспарын қолдауды сұраған. Көзделген мақсатының орындалуы үшін бағасы қымбат қондырғылар сатып алуы қажеттігін де айтқан. Кәсіпкердің бизнес-жоспарына қолдау көрсеткен қор «ForteBank» АҚ арқылы 14 пайызбен несие алуға көмектеседі. Оның 7 пайызын кәсіпкер төлесе, қалғанын мемлекет өтейді.

 

-Көзге микрохирургиялық операция жасау-катаракта, глаукома, птеригиум диагнозы қойылған пациенттерге мемлекет есебінен тегін медициналық көмек көрсету бойынша жүргізіледі. Науқастар тізімі алдын ала бірнеше апта бұрын жасалады. Біз көз кінәратына шалдыққан қарт кісілердің өмірге жаңа көзқараспен қарауына жол ашамыз. Түрлі деңгейлі көз сырқаттарынан сауықтырамыз. Осының барлығы жақында сатып алынған қондырғы көмегімен жүзеге асатын болады. Орталықты білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін Астана, Ақтөбе қалаларынан дәрігерлерді арнайы шақырттық. Одан бөлек біздің клиника жүйке ауруына шалдыққан мүгедек-балаларды оңалту жұмыстарына кіріскен болатын. Осы мақсатта облыстағы 500 мүгедек балаға оңалту көмек көрсету үшін орталыққа облыс бюджетінен 27 млн.теңге қарастырылған,-деген «Нейрон» клиникасының директоры Борис Чагай эксимерлазерлі қондырғы жақын күндері клиникаға жеткізілген соң, көз кемшілігін түзеу операциялары жасалатындығын жеткізді.

 

Қазіргі таңда өңірде «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Даму» қорынан 50 млрд.теңге болатын 228 жоба қолдау тапқан. Қабылданған бизнес-жоспарлардың дені Ақтау қаласына тиесілі, яғни 47%-ды құрайды.

 

- Жаңаөзен қаласы бойынша-30% құраса, аудандарда іске асырылатын жобалар үлесі-53 пайыз. «Даму» қорының кепілдендіру тетігі бойынша бағдарламаларды жүзеге асырудың бүгінгі кезеңіне дейін - жалпы құны 1 206,56 млн теңгені құрайтын 80 жоба мақұлданды. Кепілдендіру үлесінің ең көп мөлшерлемесі Ақтау қаласы бойынша-36%, Жаңаөзенде-25%, сондай-ақ, Мұнайлы ауданында-20%, қалған аудандарда-64%. Жалпы бүгінгі пресс-турдың мақсаты-мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша ақпаратты аймақтық кәсіпкерлерге жеткізу болатын. Ұлттық қордан бөлініп, қаржыландырылатын қаражаттарды, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және «Даму» қорының ішінара кепілдемесін беру бағдарламалары бойынша көмек алған кәсіпкерлердің кәсіпорындарын бизнестерін жаңадан бастағысы келіп жүрген тұрғындарға таныстыру. Осылайша, облыста кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосу, - деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Берік Нұрғалиев.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему