«Балдәурен» жазғы демалыс лагері балалардың игілігіне жұмыс жасады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 19:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Балдәурен» жазғы демалыс лагері балалардың игілігіне жұмыс жасады

30 Августа 2016 (20:05) | 8256 | Автор: Нурганым Имашева

             «Дарын»       облыстық қосымша білім орталығы жаз айларында  «Балдәурен» жазғы демалыс лагерін ұйымдастырды. Лагерь 5 ауысымда 600 бала қабылдап, олардың құрамын 300-і жетім, жартылай жетім, ата-аналарының  қамқорлығынсыз  қалған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балалары мен үздік оқушылар  құрады.

 

            Соңғы 2 ауысым «Турист» фирмасы ЖШС арқылы, ата-ана қолдауымен ақылы түрде өткізілді.

 

            Жазғы ақшатырда балғындардың демалысы жоғары деңгейде  қызықты өтуіне барлық жағдай жасалынды.

 

            Балаларға бес мезгіл тамақ беріліп, тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды. «Шебер қолдар», «Жас суретшілер», «Хип-хоп» және ұлттық би, «Балдәурен әншісі» атты үйірмелер балалардың қабілеттерін ашып, лагердегі күндерін қызықты өткізуге үлес қосты.

 

            Сонымен бірге спорт кешенінде және теңіз жағасында спорттық ойындар (күрес, арқан тарту, баскетбол, волейбол, пионербол) және көңілді эстафеталар ұйымдастырылды, шахмат, тоғыз құмалақтан жарыс өткізілді. Балалар үшін бассейн кешені іске қосылды. «Балдәуренде» әр ай сайын «Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі» орталығы мен «Салауатты өмір салты» орталығы түрлі спорттық шаралар өткізіп, балаларды марапаттап отырды.

 

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай облыстық кітапхана ұжымы жаңа кітаптар көрмесін ұйымдастырды және жас оқырмандар үшін үнемі орталық кітапханасы жұмыс жасады.

 

            Лагерь демалушылары Ақтау қаласына саяхат жасап, облыстық тарихи – өлкетану мұражайын аралап, «Астана» кинотеатрында балаларға арналған фильмді тамашалады. Облыстық қуыршақ тетры «Балдәуренде» қонақта болып, интермедиа әдісімен «Ковбой» қойылымын қойып, балаларды бір қуантып тастады.

 

Демалушы балалардың 12 күнінің әр кеші түрлі шараларға толы болды. Мысалы: «Үздік флешмоб», «Балдәурен Жайдарманы», «Жас таланттарды іздейміз» (сурет өнері, әншілер, ақындар байқауы) , «Жігіт сұлтаны», «Балдәурен аруы», «Балдәурен дауысы» және т.б.  байқаулар ұйымдастырылды.

 

 «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін дәрігер және мейірбике, ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс істеді.

 

            Ағымдағы жылдың 15 тамызында «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінің жабылу салтанаты өтті. Ата-аналар өздерінің ыстық лебіздерін білдіріп, лагерь қызметкерлері  «Дарын» облыстық қосымша білім орталығының әкімшілігі тарапынан марапатталды.

 

             «Балдәурендегі» балдырғандардың бал күндері қызықты да көңілді өтті. «Қош бол, көріскенше, Балдәурен!» - деп балалар лагермен қимай қоштасты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему