Маңғыстау облысында биыл мемлекеттік грантқа қол жеткізген оқушылар саны 117-ге артты
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 03:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында биыл мемлекеттік грантқа қол жеткізген оқушылар саны 117-ге артты

30 Августа 2016 (20:00) | 1818 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

 

Өңірлік білім басқармасы басшысының мәлімдеуінше, «Өткен оқу жылында облыс бойынша 5000 бала орта білім беру туралы аттестат алды. 3000 түлек ЖОО-ның студенті атанды. Биыл мемлекеттік грантқа қол жеткізген оқушылар саны 117-ге артты. Әсіресе педагогикалық мамандыққа деген сұраныс артып, 392- түлек осы саланы таңдаған.  Ал, алтын белгі иегерлерінің 98 пайызы  білім грантын иеленіп, 7-уі шетелдің халықаралық ЖОО-на түсіпті. 

 

Зейнеп Жұмағалиқызы - МО білім басқармасы басшысы:

-Былтыр 425 бала грант алса, биыл 542 бала грант алды. Сонымен қатар, 33 бала - ғылыми жобалардың жеңімпаздары грантқа ие болды. Сонда барлығы -  575 бала грантқа ие болды. Соның ішінде алтын белгі бойынша қуантарлық жағдай.

Биыл 1 сынып оқушыларына арнап жаңа оқулықтар шығарылды. Бұл да білім жүйесіне енгізілген өзгерістің бірі. Жаңа кітаптарды басып шығару үшін республика бюджетінен 800 млн теңге қаржы бөлініп, көздеген мақсатқа жұмсалды. Қазір  облыстағы барлық мектептер 1-ші сыныпқа арналған жаңа оқулықтармен түгел дерлік қамтылды.

Ұстаздар жаңа оқу жылына дайын. Жазғы демалыс кезінде жаңа оқу бағдарламасын игеру бойынша 101 бастауыш сынып мұғалімі білімін жетілдіру курстарынан өтті.

 

 

Енді қыркүйек, қазан айларында мектеп директорлары мен оқу ісінің меңгерушілері оқытылатын болады және қараша айында ағылшын тілі мен информатика пәнінің мұғалімдері үш тілде білім беру стандартына сәйкес қайта даярлау курстарынан өтеді деп күтілуде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему