Аймақта қала мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған 3924 адам әкімшілік жауапқа тартылды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 22:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта қала мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған 3924 адам әкімшілік жауапқа тартылды

30 Августа 2016 (11:07) | 2014 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы:

полиция полковнигі Амангелді Халмұрадов мәлімдеді.

Учаскелік полиция инспекторларымен қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2016 жылдың 6 айында облыс көлемінде екі рет- «Тұрмыс», бір рет- «Есеп», екі рет- «Қадағалау», үш рет - «Қоғамдық тәртіп» және бір реттен «Пробациялық бақылау», «Сәлеметсіз бе, мен - Сіздің учаскелік инспекторыңызбын!», «Учаске» сияқты кешенді жедел сауықтыру іс-шаралары өткізілгенін тілге тиек еткен басшының мәлімдеуінше, «Учаскелік полиция инспекторларымен өздерінің қызмет атқаратын әкімшілік аймақтарында тұратын тұрғындармен 6 ай ішінде 385 (2015ж. – 377) есеп беру кездесулері өткізіліп, есеп беру кездесуі кезінде, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықбұзушылыққа «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, заңсыз атыс қаруларды ерікті түрде тапсырудың тиімділігі баяндалып, ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында: көп қабатты үйлердің дәліздеріне домофондар мен күзет сигналдарын қондырудың тиімділігі насихатталды.

 

Тұрғындарға жүргізілген түсіндіру және үгіт-насихат нәтижесінде 38615 пәтер кодты есік немесе домофондармен қамтылды, 22 үй бейне бақылағышпен жабдықталды және 1366 пәтер күзет мекемелерінің күзетіне алынды».

 

- Халықпен кездесу кезінде қала, аудан және ауыл тұрғындары тарапынан – 491 сұрақ-ұсыныс түстіп, олар бойынша тиісті және заңды шара қабылданды.

 1.Ауыл арасында бұралқы иттердің көбейіп кетуіне байланысты, бұралқы иттерді жоюға қатысты 79-сұрақ түсті.

 Бұралқы иттерді жою үшін ауыл әкімдіктерінің жауапты мамандарымен бірге елді мекендердегі иесіз иттерді жоюға учаскелік полиция инспекторлары үнемі қатысып отырды.

 2.Түнгі мезгілде жарығы жоқ ауыл ішін жарықтандыруға қатысты 62-сұрақ түсті. Елді мекендердің ішін жарықтандыруға қатысты сұрақтар жергілікті ауыл әкімдеріне жолданды.

 4.Елді мекен ішінде автокөліктердің көбеюіне байланысты жол қиылыстарына бағдаршам орнату, жасанды жол кедергілерін қою, жаяу жүргіншілердің өткелі және жол белгілерін орнату бойынша 111 сұрақ түсті.

 Бұл сұрақтар бойынша ұсыныстар елді мекендердің әкімдеріне жолданды. Ағымдағы жылы ІІО берген ұсыныстардың негізінде Мұнайлы ауданындағы үш жол қиылысына бағдаршам қойылып 500 метр көлемінде жасанды жол кедергілерін орнату бойынша жергілікті әкімдікпен жұмыстар жүргізілді. (Маңғыстау-5 елді мекенінің ішінде жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды).

 5.Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың жай-күйі, олардың түнде беймезгіл жүруіне қатысты және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша-64 сұрақ түсті.

 Аталған мәселе назарға алынып, қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, Әкімшілік Кодекстің 442 бабында көзделген құқық бұзушылық жасаған 2039 кәмелетке толмағандардың ата-анасына әкімшілік хаттамалар толтырылып, жауапқа тартылды. Аталған бағытта атқарылған жұмыс өткен жылғыдан 51,5%-ға артты.

 6.Жайылымдардағы мал ұрлығына қатысты, алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру бойынша - 4 сұрақ түсті. Мал ұрлығыының алдын алу мақсатында крминалдық полиция қызметкерлерімен бірге кешенді іс-шара жоспарын түзіп, нақты іс-шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде мал ұрлығына қатысты қылмыстар өткен 2015 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 54-тен 44-ке немесе 18,5%-ға азайды.

 7.Ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторларының санын тиісті денгейге жеткізу бойынша - 96 сұрақ түсті. Тұрғындар арасында учаскелік полиция инспекторларының танымалдылығын арттыру мақсатында, көпшілік орындар мен демалыс кешендерінде, үйлердің кіреберістерінде, оқу орындары мен басқа да қоғамдық орындарға, учаскелік полиция инспекторларының фото суреті бар, учаскелік тірек-пункті туралы мәліметтер, байланыс телефондары көрсетілген, 65 мың дана ақпараттық парақшалар ілінді.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін, учаскелік полиция инспекторларының аты-жөні, байланыс телефондардың нөмерлері көрсетілген 50 мыңға жуық тілхат таратылды,- дейді облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы:

 

Амангелді Халмұрадовтың мәлімдеуінше, «Қазақстан Республикасының 2004 жылғы №590 санды «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың қатысуы туралы» Заңы негізінде, облыс бойынша 653 адамнан құралған 82 қоғамдық ұйым жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ат салысуда:        

              - 15 «Сақшы» топтары – 40 тұлға (Маңғыстау-1, Бейнеу-3 және Қарақия-1) ;

              - 8 студенттік топ – 70 тұлға (Жаңаөзен-5, Маңғыстау-1, Бейнеу -2);

              - 59 «Қоғамдық кеңес» - 465 тұлға (Ақтау-20, Жаңаөзен-7, Қарақия-4, Маңғыстау-11, Тұпқараған-6, Бейнеу-10, Мұнайлы-6);

              - 90 қоғамдық көмекшілер (Жаңаөзен-25, Қарақия-9, Тұпқараған-28, Бейнеу-13, Мұнайлы-15);

              - 44 консьерж (Ақтау-14, Жаңаөзен-30).

            Ағымдағы жылдың 6 айында 39 азаматтың қатысуымен 14 қылмыс ашылып, 230 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, олар 827 мың 190 теңгеге марапатталды».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему