Маңғыстау облыстық сотында БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 09:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

30 Августа 2016 (10:42) | 2069 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық сотында Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен соттардың БАҚ-пен байланыс жұмыстарын жандандырудың жолдарын қарастыру мақсатында семинар сабағы өткізілді. Бұл туралы біздің басылымғаМаңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

 

Аталған шараға Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин, Маңғыстау облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен байланысын-үйлестіруші судья Айжан Молбаева, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен БАҚ-пен байланыс жұмысын үйлестіруші судьялары қатысты.

 

Семинарды Р.Хайруллин ашып, БАҚ-тағы жұмыс жетістіктері мен мәселелер туралы айтып өтті.

 

Бүгінде ақпараттық ашықтық пен айқындық еліміздің сот жүйесі қызметінің басты бағыттарының бірі.

Жоғарғы Соттың ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Б.Кальянбеков кейбір облыстық соттарда қаралып аяқталған, қоғамның қызығушылығын тудыратын істер бойынша ақпараттар 15 күнге дейінгі мерзімде кешіктіріліп жарияланатындығын атап көрсеткен болатын.

Сондықтан, соттағы кез-келген ақпаратты уақытылы жеткізуге тырысуымыз қажет, яғни ақпарат халыққа, БАҚ-на дер кезінде жетуі тиіс,- деді Р. Хайруллин.

 

Сондай-ақ, ол бүгінде технологиялар заманы болғандықтан, әлеуметтік желілерде белсенді болып, БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үйлестіруші-судьяларды бірауыздан жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

 

Шара барысында сөз алған облыстық соттың БАҚ-пен байланысын-үйлестіруші судьясы Айжан Молбаева:

- БАҚ-пен байланыс жұмысы бір жүйеге салынып, жандандырылып келеді. Осы басқосуда ішкі жұмыстарымыз бен сыртқы байланыс жұмыстарын талқылап, жетілдіруді көздеп отырмыз. Әсіресе, үкіметтікемесұйымдарменсындарлыынтымақтастықорнатуымызтиіс, - деді.

 

Судья сондай-ақ сайт материалдарының сапасына назар аударып, веб-сайт жұмысын жандандыруға ден қою керектігін атап өтті.

 

«Сонымен қатар, семинар барысында қатысушыларға ғаламтор, әлеуметтік желі беттерінде ақпарат таратудың тәртібі, заңдылығы түсіндірілді.

 

Аталған шара барысында веб-сайтқа жолданатын материалдар, ай сайынғы есеп беру мәселелері талқыланып, БАҚ-пен байланыс жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді»,- делінген облыстық соттан жолданған хабарламада.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему