Маңғыстаулық құрылысшылар кәсіби мерекеде түрлі бағыттағы спорттық жарыстарға қатысып, жеңістерге жетті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық құрылысшылар кәсіби мерекеде түрлі бағыттағы спорттық жарыстарға қатысып, жеңістерге жетті

23 Августа 2016 (18:23) | 3382 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда елімізде құрылысшылардың кәсіби мерекесі аталып өткенінен жұртшылық хабардар. Атаулы күнді сала қызметкерлері тек мерекелік шаралармен ғана емес, алдымен қайырымдылық шаралардан бастады. Осы мақсатта құрылыс компаниясының басшылары 14 шағынауданда орналасқан балалар үйіне барып, бөектерге күнделікті тұрмысқа қажетті құралдарды сыйға тартып, мемлекеттік мекемеге 500 мың теңгенің сертификатын тарту етті. Сонымен қатар, алдағы уақытта балалар үйінің шатырын жөндеп беруге уәде етті.

 

"Маңғыстау - Құрылыс" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Каспий Строй Сервис» корпорациясының директоры Самат Мұсабаевтың айтуынша, Корпорация ағымдағы жылдың аяғына дейін қаламызда жалпы ауданы 4000 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отыр.

 

 - «Маңғыстау - Құрылыс" қоғамдық бірлестігі» 2006 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Құрамымызда 20-ға жуық компания бар. Қоғамдық бірлестікті құрған себебіміз - облыс көлеміндегі барлық құрылыс жұмыстарына жергілікті компанияларды тарту болатын.

Осы жылдар аралығында облыс деңгейінде өткен көптеген қайырымдылық шаралардың ұйытқысы болып, біраз жұмыстар атқардық. Биылғы құрылысшылар күнін бір аптаның көлемінде кең ауқымда атап өттік. Жиналып алып, тек бір-бірімізді марапаттап, құттықтамайық деп біраз қайырымдылық шаралар ұйымдастырдық.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға, балалар үйіне көмектестік. Аймақтағы ардагерлерді жинап, дастархан жайып, ақшалай сыйлықтар табыстадық. Ардагерлердің облыстың өркендеуіне қосқан үлестерін, өмір жолдарын кейінгі ұрпаққа таныстыру мақсатында қысқа метражды фильм дайындадық. Сонымен қатар әр түрлі бағытта спорттық жарыстар өткіздік,-деді     Корпорация директоры Самат Мұсабаев құрылысшылар қауымының кәсіби мерекені қандай жетістіктермен қарсы алғаны туралы біздің сауалымызға жауап беру барысында.

 

 

Құрылысшылар күнін тойлау спорттық жарыстармен жалғасын тапты. Алғаш рет 25 шақырымдық аламан бәйге сегіз айналым бойынша ұйымдастырылды. Ұлттық спортты ұлықтаған бәйгеге 22 тұлпар қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысында «Айком-ЛТД» ЖШС-ның директоры Иса Бимырзаевтың жүйрігі мәре сызығын бірінші кесіп, 1 миллион теңгені қанжығасына байлады. Екінші орын Сайын Шапағатов ауылынан келген шабандозға (700 мың теңге) бұйырып, үшінші орынды Сенек елді мекенінің тұлпары (500 мың теңге) ұтты.

 

- Жарыста Көкбастау атты сәйгүлігіміз жеңімпаз атанды. Өте қуаныштымыз. Тұлпарымызды алдағы уақытта Қазақстан Кубогына апарып, қатыстырғымыз келеді. Жалпы жарысқа облыстан бөлек, екі жүйрік көршілес Атырау облысынан келіп, қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті, - деген Иса Бимырзаев бүгінде "Айком ЛТД" ЖШС қарамағында 280 адам табысты еңбек ететінін айтты.

 

Спорттық шаралардың екінші күні командалар арасындағы тартысты әрі қызықты ойындармен қыза түсті. Ақтау қаласындағы «Каспий» спорт кешенінде өткен шағын футболда «Ақтау-BS строй» ЖШС командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші және үшінші орынды «Альянс-ЛТД» және «Айком-ЛТД» мекемелерінің топтары өзара бөлісті.

 

 

Спорттық мерекені бильярдтан өткен жарыс қорытындылады. Тастаяқ ойынын тас қылып меңгерген 16 жігіт тартысты ойын көрсетті. Он алты сағатқа созылған сайыстың қорытындысында «Ақтау-BS строй» ЖШС-нің қызметкері Айдос Ақжанов жарыс жеңімпазы атанып, 100 мың теңгені иеленді.

 

- Қолым бос уақытта бильярд ойнап, салауатты өмір салтын ұстанамын. Бірақ, бильярдтан өткен жарысқа алғаш рет қатысып отырмын. Ұжымымның намысын абыроймен қорғап, жарыс жеңімпазы атанғаныма өте қуаныштымын.

Жұмыстан тыс уақытта бүгін әріптестеріммен кездесіп, өзара пікір алмастық, арқа-жарқа боп, жақсы әңгімелестік. Жалпы, мұндай спорттық жарыстар біздер үшін өте қажет деп есептеймін. Алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілегіміз бар. Күндізгі сағат 13:00 – де басталған ойын түнгі сағат 3:00 - де аяқталды. Уақыттың қалай өтіп кеткенін де аңғармай қалдық, - дейді «Ақтау-BS строй» ЖШС-нің қызметкері Айдос Ақжанов.

 

Екінші орынды жеңіп алған «СМК-4» ЖШС қызметкері Әбіш Марат 70 мың теңгені еншілесе, үшінші орынға «Айком-ЛТД» ЖШС қызметкері Тимур Тілеубай (30 мың теңге) көтерілді.

 

- Шараның басты мақсаты – құрылысшылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мекеме қызметкерлерін, мейілінше, бұқаралық спортқа тартып, денсаулығын нығайту.

Жалпы, спорттық жарыстарға барлық құрылыс мекемелері белсенді қатысып, жақсы ойын көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді «Маңғыстау – Құрылыс» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Нұрлан Көмеков.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему