Алғашқы қадамнан ерлік көрсеткен полицейлер
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алғашқы қадамнан ерлік көрсеткен полицейлер

22 Августа 2016 (17:39) | 2374 | Автор: Нурганым Имашева

2016 жылғы 10 тамыз күні сағат 19.40 шамасында Ақтау қаласы 10-10-5 тұрғыны 2004 жылы туылған жасөспірім Николаев Егор Владимирович «Ақтау» сауда-ойын сауық кешенінен спорт сабағынан шығып, жаяу үйіне беттеген.

 

Жолда 12 шағын ауданның № 17 үйі мен «Мимино» кафесінің ортасында кенеттен «Мерседес» автокөлігі шығып, Е.Николаевты қағып кетеді. Бала құлап, машинаның астына түскен уақытта автокөлік жүргізушісі тоқтаудың орнына жылдамдықты үдетіп, оны тағы да 4 метрге дейін сүйреп кеткен.

 

 Осы мезгілде қарсы келе жатырған автокөліктің жолаушылары, яғни жақында ҚР ІІМ Ақтау оқу орталығыннан бастапқы даярлық курсын бітіріп келген полицейлер Е.Мұсағалиев, Қ.Құдайбергенов, Ж.Дәрібаев болған оқиғаны көріп, сол жерге тоқтайды. Олар тоқтаған «Мерседес» автокөлігінің жанына барып, дереу сол жерде басқа азаматтарды ұйымдастыра отыра автокөлікті көтеріп, астынан баланы шығарып алады.

 

Осыдан кейін жедел жәрдемді күтпей, қансыраған баланы қолдарына алып, өз көліктерімен облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізеді.

 

Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының полицейі полиция сержанты Мусағалиев Елеген Мұратұлы:

- Көлік иесі баланы қағып кеткен сәтін байқамаған болар. Біз көрген сәтте тез жету үшін жалаң аяқ жүгіріп, көлік иесін тоқтатып, көмек көрсетуге ойланбай кірістік.

Үшеуміз алғашқыда көлікті көтермек болдық, оңай болмады. Салмақтың басымдылығынан Қазбек пен Жақсылық тағы басқа адамдарды жылдам шақырып, көлікті көтерді.

Сол сәтте басынан қатты жарақан алған баланы көлік астынан ақырын көтеріп алдым да өз көлігіме қарай жүгірдім, көлігімнің ішіне Жақсылық отырды да баланы алдына алды, ал мен уақыттың өте тығыздығын сездім де облыстық ауруханаға беттедім.

Ал Қазыбек оқиға орнында қалып, «102» байланысына шығып, баланы қағып кеткен көлік иесін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

 

Ішкі істер департаменті Заңсыз көші қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротаның кіші инспекторы қатардағы полицей Дәрібаев Жақсылық Жанболатұлы:

- Баланы дәрігерлер жансақтау бөліміне алып кеткен соң, баланың ұялы телефоны арқылы ата-анасына қоңырау шалып, баласының халін айтып, ауруханаға шақырдық.

 Ата-аналары келіп, алғашқыда сенім білдірмегенімен, артынан баланы қаққан жүргізушіні көрген соң бізге алғыстарын білдіріп, көз жастарын жасыра алмады.

Баланың ағайындары да әлі күнге дейін телефон соғып, ризашылық танытып жатыр. Баланың қазір жағдайы жақсы, аман қалғанына қуаныштымыз.

 

Ішкі істер департаменті Заңсыз көші - қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротасының кіші инспекторы қатардағы полицей Құдайбергенов Қазбек Абдраимұлы:

- Баланы қаққан жүргізуші көлік ішіндегі артқы орында отырған өз баласына алаңдап, байқаусызда Егорды қағып кеткенін айтып,бойы қорқыныш пен үрегейге толды. Өз-өзін кінәлап, өкінумен болды.

Оқиға орнынан қашпады, өз кінәсін мойындады. Артынан баланың амандығын естігенде бізге баланының амандығына себепші болып, тез құтқарғанымызға алғысын білдірді. Әрине жүргізуші көлік басқарғанда жолда мұқият болып, ештеңеге алаңдамауы тиіс еді, - деді.

 

Осылайша полиция қызметкерлерінің дер кезінде көрсеткен көмегі арқасында жасөспірім Егор Николаев аман қалады. Бірінші болып көмекке келіп, дер кезінде баланы құтқарғандары үшін полиция қызметкерлеріне Егордың ата-анасы Николаевтар және туыстары Королевтер отбасы риза болып, Маңғыстау облысының Ішкі істер Департаменті басшылығына оларды марапаттауға ұсыныс жасап, алғысқа толы хаттарын жолдапты.

 

Қабылданған ұсыныс пен осы оқиға негізінде, Департамент бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі А.Мұқашев «өз қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен адал атқарып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жасөспірімді дер кезінде құтқаруда көрсеткен азаматтығы үшін» Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы Жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының полицейі полиция сержанты Мусағалиев Елеген Мұратұлы мен Ішкі істер департаменті Заңсыз көші - қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротаның кіші инспекторы қатардағы полицей Құдайбергенов Қазбек Абдраимұлын және Ішкі істер департаменті Заңсыз көші - қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке ротаның кіші инспекторы қатардағы полицей Дәрібаев Жақсылық Жанболатұлын Департаменттің «Алғыс хатымен» марапатталуына бұйрық берді.

 

- ҚР ІІМ Ақтау оқу орталығыннан бастапқы даярлық курсын бітіріп келген полицейлерге ағымдағы жылдың 15 тамызында қызметке бекіту туралы бұйрық шығып, өз лауазымдары бойынша жұмыстарын жалғастырып, еңбек етуде.

Бойлары осындай адами қасиетке толы қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз, - дейді біздің басылымға осы хабарламаны жолдаған Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему