Ақтауда мемлекеттік емес өрт қызметтерінің арасында өрт - құтқару спорты бойынша чемпионат мәреге жетті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 02:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда мемлекеттік емес өрт қызметтерінің арасында өрт - құтқару спорты бойынша чемпионат мәреге жетті

22 Августа 2016 (10:31) | 2249 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтауда 18-19 тамыз аралығында «МАЭККазатомпром» ЖШС спорт кешенінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік емес өрт қызметтерінің арасында өрт - құтқару спорты бойынша чемпионаты өтті.

 

 Аймақта алғаш рет өткен тартысқа мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің: «Өрт сөндіруші» АҚ Маңғыстау филиалының, «Жалын өрт сөндіруші» ЖШС, «Өрт сөндіру қызметі - М» ЖШС, «Бейнеуский зерновой терминал» ЖШС, «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС, «Fireprotectionltd» ЖШС командалары қатысты.

 

Жарыс үш түрлі сайыстан тұрды: кедергіні жеңумен жүз метрлік жолдан өту, 4х100 өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.

 

Чемпионат қорытындысы бойынша кедергіні жеңумен жүз метрге жүгіру бойынша ең үздік спортшы болып «Жалын өрт сөндіруші» ЖШС командасының қатысушысы Файзулла Зарифхан танылып, І орынды иеленсе, жүлделі ІІ және ІІІ орындар «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС МОФ өкілдері Берік Аманов пен Байдаш Байдаулетовке бұйырды.

 

Жарыстың екінші түрінің 4х100 өрт эстафетасы бойынша 1 - орынды «Жалын өрт сөндіруші» ЖШС, 2 - орынды «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС, 3 - орынды «Бейнеуский зерновой терминал» ЖШС тобы иеленді.

 

Сайыстың үшінші түрінде 1- орынды «Жалын өрт сөндіруші» ЖШС командасы, 2 - орынды «Өрт сөндіру қызметі - М» ЖШС тобының сарбаздары, ал 3 - орынды «Fireprotectionltd» ЖШС тобы ұтып алды.

 

Жалпы командалық сынақта жеңімпаз атанғандар: 1 - орын «Жалын өрт сөндіруші» ЖШС, «Семсер өрт сөндіруші» МОФ ЖШС, 3 - орын «Өрт сөндіру қызметі - М» ЖШС.

 

«Жарыста жеткен жетістіктері бойынша, өртке қарсы қызмет гарнизонының имиджін көтеруге қосқан үлесі мен салауатты өмір ұстанымын насихаттауға қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев жеңімпаздарды Алғыс хаттармен және арнайы дипломдармен, сонымен қатар бағалы сыйлықтармен марапаттады», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему