Аймақта 6 айда 61,627 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 08:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта 6 айда 61,627 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды

12 Августа 2016 (16:56) | 2326 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Аяпов Орақ Махмұтұлы мәлімдеді.           

 

Сала жетекшісінің баяндауынша, «2016 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 400, 859 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді және бұл көрсеткіш өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 46,8%-ға артық болып табылады».

 

Аймақтық құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, «2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 61,627 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы 650,0 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда, соның ішінде:

- Ақтау қаласында жалпы көлемі 25, 462 мың шкаршы метрді құрайтын төрт 120-пәтерлі тұрғын үй (оның ішінде үш 120-пәтерлі кезекте тұрғандар үшін жалдамалы тұрғын үй, бір 120-пәтерлі – Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ Банкі салымшыларына және кезекте тұрғандарға арналған несиелік тұрғын үй);

- Бейнеу селосында жалпы көлемі 1,080 шаршы метрді құрайтын 16 пәтерге арналған 4 тұрғын үй

- Маңғыстау ауданының елді мекендерінде жалпы көлемі 1,350 -         шаршы метрді құрайтын 20 пәтерге арналған 5 тұрғын үй;

- Қарақия ауданының Болашақ селосында -          жалпы көлемі 0,675 -           шаршы метрді құрайтын 10 пәтерге арналған 5 тұрғын үй;

- Қызыл сай кентінде жалпы көлемі 0,675 -           шаршы метрді құрайтын 8 пәтерге арналған 2 тұрғын үй.

 

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Жетібай кентінде 280 орындық балабақша және Бейнеу селосында 900 орындық орта мектептің құрылысы аяқталды»

 

 

Орақ Махмұтұлы:

- 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша жоспарланған 2 млрд. 226 мың теңгенің 1 млрд 910 мың теңгені құрайтын қаржысы игерілді, немесе 85,8 %-ы. оның ішінде республикалық бюджеттен 2 млрд. 52 млн. теңге.-орындалуы 1 млрд 739 млн теңге.

Жергілікті бюджеттен 174 млн. теңге қаржы бөлінген, орындалуы – 170 млн. 100 мың теңге немесе 98% -ды құрап отыр. Аймақта биылғы жылы салынатын құрылыс нысандарына 1 млрд. 775 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 250 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 570 млн теңге.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Жаңаөзен қаласында «Арай» шағынауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы басталды. Келесі жылы ол құрылыс аяқталады.

Ағымдағы жылдың 6 айына жоспарланған 1 млрд. 174 млн. теңге қаражат толығымен игерілді. Денсаулық сақтау саласының нысандарына тоқтала кетсек, Ақтау қаласындағы «Ана мен бала» орталығының құрылысына республикалық бюджеттен 2 млрд. 230 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі 6 айдың қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес, аталған соманың 1 млрд. 50 млн. теңгесі ғана игерілді, - деп мәлім етті.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему