Еркін форматтағы кездесу
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Еркін форматтағы кездесу

7 Августа 2016 (17:40) | 2000 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры жергілікті БАҚ өкілдерін жиып, биылғы жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқаруы жоспарлаған өздерінің жобалары туралы мәліметтермен бөлісті.

 

Жиынға сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұсынушы «Маңғыстау облыстық ішкі саясат» басқармасының өкілдері де қатысты.

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - ҮЕҰ мен жергілікті басқарушы биліктің қарым-қатынасын нығайтуға, сонымен азаматтық қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселелеріне атсалысу белсенділігін арттыруға бағытталған механизмдердің бірі.

 

2016 жылы облыстың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы алғаш рет веб-портал арқылы өткізілді. «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры бірқатар мемлекеттік органдар жариялаған байқауына қатысып, облыстың ішкі саясат басқармасының бюджеті 4,0 млн. теңге және денсаулық сақтау басқармасының бюджеті 1,9 млн. теңге лоттарын жеңіп алған.

 

Қор жетекшісі Жақсыгүл Маханбетова журналистер қауымына өзі басқарып отырған ҮЕҰ-ның биылғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асыратын жобаларының мақсаттары туралы айтып өтті.

 

Жақсыгүл Шахзадақызының мәлімдеуінше, «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры» жақында мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында түсіндіру және оның облыста іске асу барысы туралы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру жобасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын болады.

 

Бұл жобаның мақсаты – Мемлекет Басшысының Жолдауын, мемлекеттк бағарламаларды түсіндіруге бағытталған  ақпараттық науқан ұйымдастыру және өткізу, қоғамдық келісімді нығайту болып табылады».

 

Қор басшысы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстары туралы ақпарат БАҚ – та толық жарияланбайтындықтан, жергілікті басшылықтың қолдауымен осыған дейін облыстық телеарнада «Үшінші сектор» деп аталған, 12 ҮЕҰ қызметі туралы баяндайтын телехабарлар сериясы көрсетілгенін, биылғы жылы да облыстық әкімішіліктің қолдауымен сол бағдарлама облыстық телеарнадан өз жалғасын табатыны жайлы әңгімеледі.

Кор директоры Жақсыгүл Маханбетова

{quote] Ішкі  саясат басқармасының тапсырысы аясында мемлекет басшысының Жолдауын халық арасында түсіндіру және оның іске асыру барысы туралы ақпараттандыруды, сонымен Жолдау және өңірлік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік объектілерге қоғамдық мониторинг жүргізу іс-шаралар кешенін жоспарлап отырмыз. Бұл жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік органдардың, бизнестің, БАҚ және ҮЕҰ ресурстары жұмылдырылады.

Облыстың Ақтау және Жаңаөзен қалаларын қосқанда 40 елді мекенде 60-тан астам кездесу өткізіледі. Әрбір кездесуде тұрғындардан түскен ұсыныстар мен өтініш-тілектер жкергілікті билікке жеткізіледі. Бұл өз кезегінде халық пен билік арасындағы кері байланыстың орнығуына септігін тигізеді.

 Ақпараттық топтың құрамына қоғамдық, өңірлік консультативтік және ардагерлер кеңестерінің мүшелері, ҮЕҰ-ның көшбасшылары енгізіліп отыр[/quote]

 

Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему