Ақтау қаласында 6 ай ішінде құқыққорғау органдарымен 3436 қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 06:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қаласында 6 ай ішінде құқыққорғау органдарымен 3436 қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген

7 Августа 2016 (17:29) | 1659 | Автор: Нурганым Имашева

Фото автора

 

 

            Ақтау қалалық прокуратурасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісін ұйымдастырды. Жиында қадағалау органының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында қаладағы әрбір салаға қатысты заңдылықтың сақталу бағытында атқарылған жұмыстарының нәтижесі жария етілді.

            Журналистерге арналған баспасөз мәжілісіне Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Съездхан Құрбанұлы Абдуллаев төрағалық етті және шараға сонымен қатар қалалық прокуратураның бөлім басшылары да қатысты.

Баспасөз мәжілісі барысында әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша 2016 жылдың 6 айында әлеуметтік-экономикалық салада 51 тексеру жүргізіліп, 1226 заң бұзушылық анықталғаны, оның 855-і жойылғаны туралы айтылды..

            Қала прокурорының орынбасары Съездхан Абдуллаев:

[quote] Барлығы 223 прокурорлық қадағалау актісі енігілген, оның ішінде 141 ұсыныс қаралып, 52 наразылық, 14 арыз және талап арыз қанағаттандырылған, 3 ұйғарым орындалып, 31 алдын ала ескерту, 2 үндеу жарияланды.

Тексеру нәтижелерімен 40 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 7-уі сыбайлас жемқорлық сипатында. Қозғалған қылмыстық істер бойынша тұлғалардың ақталу деректеріне жол берілмеді.

            Прокурорлық ықпал ету шараларымен 287 заңсыз актінің күші жойылған және өзгертілген, оның ішінде 4 нормативтік-құқықтық, 3 акт бұрын әділет органдарында тркелген, 147 тұлға тәртіптік, 296 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

            Қадағалау актілері бойынша 4488 тұлғаның конституциялық құқықтары қорғалып, 236 285 172 теңге сомасында залал өндірілді, оның ішінде мемлекет пайдасына және мемлекеттік бюджетке  - 2013 061 367 теңге.

            Прокурорлық ықпал ету шараларымен қала бойынша 433 жұмысшының 200,5 млн. теңге көлеміндегі жалақы берешегі өндірілді.

            Сонымен қатар, қала аумағындағы 40 білім беру нысандарымен заңсыз мемлекеттік сатып алу өткізілігені анықталып, қала әкімінің атына ұсыныс енгізу нәтижесімен 42 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды [/quote]

            Қалалық прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау саласы бойынша өткен 6 ай ішінде құқыққорғау органдарымен 3436 (3619, -5%) қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген. Қылмыстардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 4,3%-ға азайған.

Қылмыстардың азаюына бұзақылықтың 164-тен 116-ға (-29,2%), кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтарудың 77-ден 33-ке (-57,1%), алаяқтықтың 375-тен 255-ке (-11,7%) дейін кемуі әсер еткен.

Сонымен қатар, жалпы қылмыс саны азайғанымен, кейбір қылмыс түрлері, қарақшылық деректері 5-тен 11-ге (+120%), есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың 16-дан 33-ке (+106,2%), қасақана ауыр дене жарақатын келтіру 9-дан 12-ге (+33,3%), адам өлтіру деректерінің 3-тен 8-ге (+166,6%) дейін өсуі тіркелген.

Осыған орай, қала прокуратурасының бастамасымен кейбір қылмыс түрлерінің өсу деректеріне талдау жүргізіліп, ағымдағы жылдың наурыз және мамыр айларында Ақтау қалалық ІІБ-ы, жергілікті полиция қызметі басшы және жеке құрамының, қала әкімшілігі мен маслихаты өкілдерінің қатысуларымен ведомствоаралық кеңестер өткізіліп, қылмыстың алдын-алу мәселелері талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын шаралар белгіленді».

Баспасөз мәжілісінде прокурорлар: «Кепіл» бұлтартпау шарасын қолданудың аясын кеңейту мақсатында 188 (121) тұлғаға «кепіл» қолданылды, бұл жалпы қолданылған бұлтартпау шараларының 75,2% құрайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жұмсалған сот шығындарын өндіру бағытында сотқа 75 ұсыныс енгізіліп, оның 575 556,78 теңгені құрайтын 65 ұсынысы қанағаттандырылды, 55 912,35 теңгені құрайтын 10 ұсыныс қаралу үстінде.

1 131 975 теңгені құрайтын іздеу мен экстрадицияға жұмсалған шығын айыпталушы тұлғамен өз еркімен өтелді.

Процессуалдық келісіммен сотқа 33 (13) қылмыстық іс жолданып, оның 29-ы қаралып, сот актілері қабылданды, қалғандары қаралу үстінде», - деп баяндады..

Съездхан Құрбанұлы мәлімдеуінше, «Қылмыстық істер бойынша сот актілерін қадағалау саласы бойынша 2016 жылдың 1-ші жарты жылдығында Ақтау қалалық сотының басты сот талқылауында 338 тұлғаға қатысты 294 қылмыстық іс, оның ішінде үкім шығарумен 268 тұлғаға қатысты 234 қылмыстық іс қаралған /оның ішінде 156 тұлғаға қатысты 124 қылмыстық іс қылмыстар бойынша, ал 110 тұлғаға қатысты 110 қылмыстық теріс қылық істері бойынша/.

Осы мерзімде 69 тұлғаға қатысты 59 қылмыстық іс өндірістен ақтамайтын негізбен қысқартылған /оның ішінде 56 тұлғаға қатысты 47 қылмыстық іс қылмыстар бойынша, ал 13 тұлғаға қатысты 12 қылмыстық теріс қылық істері бойынша/.

Атқарушылық өндірістің заңдылығын қадағалау саласында биылғы жылдың 6 айында мемлекет пайдасына 214,8 млн. теңге өндірілді. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 59,1 млн. теңгеге немесе 37,9 % көбейген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде борышкерлерден барлығы 19,5 млн. теңгеге бағаланған 2 пәтердің үлесі, 2,7 млн. теңгеге бағаланған гараждық бокс, 4,1 млн. теңгеге бағаланған 4 автокөлік және 164,4 млн. теңгеге бағаланған 78 614 дана халықтық тұтынушылық тауары мемлекет пайдасына өндірілді».

Сонымен қатар, баспасөз мәжілісінде журналистер қауымына прокурорлар тарапынан: «қылмыстық айыппұлдарды өндіру бойынша мемлекет пайдасына 11 млн. теңгеден жоғары өндіру қамтамасыз етілгені жайлы, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында уәкілетті органның атына 7 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны және алимент өндіру бойынша 3 кәмелет жасқа толмағанның пайдасына 1,6 млн. теңге өндіріліп, сондай-ақ 10 борышкер ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны» туралы мәліметтер ұсынылды.

Қала прокуратурасымен атқарушылық құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен 21 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Прокурорлық ықпал ету шараларының негізінде 37 жеке тұлғаның пайдасына 21 537 000 теңге жалақы өндірілгені белгілі болды.

Сотта қаралған азаматтық істің шеңберінде жүргізілген тексеріс қорытындысы негізінде қала прокуратурасымен шамамен 1 млрд. 200 млн. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактісінің жолы кесілген

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему