Ақтаулық дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі – республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 21:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі – республикалық байқаудың жеңімпазы атанды

19 Июля 2016 (14:53) | 4609 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маусым айының 3-4 күндері Ақтөбе қаласында еліміз бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің республикалық байқауы болып өтті.

 

Президенттік сынақ негізінде өткен бұл байқауды ұйымдастырған Ақтөбе облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармалары мен республикалық «Спорт жұлдыздары» ғылыми-әдістемелік журналының редакциясы.

 

Бұл туралы ақжолтай жаңалықты біздің басылымға дене тәрбиесі мұғалімдері Бірлестігінің жетекшісі Булекбаева Майра Абилдақызы жолдады.

 

Жетекшінің мәлімдеуінше, «Байқауға еліміздің 12 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 150-дің үстінде дене шынықтыру пәні мұғалімдері келіп, өзара сайысқа түсті.

 

Президенттік сынақтың барысында оған қатысушылар әр түрлі қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру, кермеге тартылу және гранат лақтыру түрлерінен бақтарын сынады.

 

Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан №14 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Жилкибекова Айгүл Сағындыққызы да қатысып, аймаққа жүлдемен оралды.

 

Маңғыстаулық ұстаз 1000 м-ге жүгіруден 1-орын, Президенттік сынамадан 2 - орынды иеленіп, Диплом, Сертификатпен «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, сонымен қатар «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі» төсбелгісімен марапатталды».

 

- Байқаудың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының Құрметті Азаматы, «Құрмет» орденінің иегері, «Қос Шынар» Әлия-Маншүк атындағы Қайырымдылық Қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес, Облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Ауған соғысы ардагерлерінің «Ер Бақыт» әскери-спорттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, КСРО оқу ағарту ісінің үздігі, Қобда ауданы балалар мен жастар спорт мектебінің (БЖСМ) негізін қалаушы, жеңіл атлетикадан Тынық мұхит флотының 3дүркін чемпионы Бақтығали Шоқаев, еркін, греплинг күрестері мен бразилиялық джиу - джитсудан шебер ардагерлер арасында әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Қос аққу» Әлия-Мәншүк атындағы спорттық-патриоттық клубының төрағасы Қуаныш Мырза және басқа да көптеген есімдері елге белгілі азаматтар қатысып, жарысқа қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі.

 

Сонымен қатар Азия қазақ күресі Федерациясының бас хатшысы Рафаэль Хабиров Бүкіл дүниежүзілік қазақ күресі Федерациясының Президенті Серік Төкеев мырзаның атынан «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мусағали Тасқалиевке «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін табыс етті,-дейді Бірлестік жетекшісі Булекбаева Майра Абилдақызы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему