Сот саласындағы жаңа электронды сервистерді қолданудың тиімділігі талқыланды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот саласындағы жаңа электронды сервистерді қолданудың тиімділігі талқыланды

4 Июля 2016 (12:13) | 2772 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасы соттарында енгізіліп жатқан электронды технологиялар» тақырыбына арналған шара өтті. Бұл жиынды аталмыш соттың судьялары ұйымдастырды.

 

«Қазақстан Республикасы соттарында енгізіліп жатқан электронды технологиялар» тақырыбында, жаңа технолигияларды енгізу мәселесінің артықшылықтарын үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп талқылау мақсатында өткен семинар сабаққа «Жастар жетістіктері» Қоғамдық қорының, «Азаматтық Альянс» ЗТББ-ның, «Эко Мангистау» ЖШС-нің, «Национальная лига потребителей Мангистауской области» РОО-ның өкілдері және «Тумба» газетінің тілшісі қатысты.

 

Жиынның басталу сәтінде сөз алған Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ш.Есбағанбетов:

- Елбасының «100 қадам» бағдарламасында сот жүйесіндегі реформаларды енгізудің нақты бағыт-бағдары айқын көрсетілген. Сот саласындағы енгізіліп жатқан жаңа технологиялардың бірі - «Сот кбинеті» электрондық қызметін бұқара халыққа қолжетімді етіп ұйымдастыру болып табылады. Қазір республика бойынша сот процесстерінің аудио-видео жазбаларын қолдану жаппай қолға алынып, халық ұшін соттың ашықтық, қолжетімді болуына бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.,- деп атап өтті.

 

Басқосуда сөз кезегі ұсынылғанда экономикалық соттың кеңсе меңгерушісі Ш.Каршыгаева Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында электронды технологиялардың қолданылу барысы туралы мәліметтермен бөлісе отырып, сотқа ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін сот өндірісіне 1149 талап арыз түскені, оның 734-і электронды түрде сот кабинеті арқылы түскенін, сонымен қоса, талап арыздан бөлек сот кабинеті арқылы қарсы талап арыздар, апелляциялық шағымдар, өтініштер, іс бойынша арыздар және т.б. арыз-шағымдарды сот кабинеті арқылы жолдауға болатынын айта келіп, жиналғандарды сот үрдісіндегі өзге де. жаңалықтармен таныстырып, жаңа технологияларды енгізудің тиімділіг туралы түсіндіріп өтті.

 

 

Семинар барысында сонымен қатар облыстық соттың бөлім басшысы А.Айдарбаева бейнероликті көрсете отырып, сот органдарының элекронды сервистеріне қол жеткізу, жаңа технологияларды қолданудың бағытын түсіндіріп, семинарға қатысушылардың электронды технологияларды дұрыс қолдана білуге қатысты сұрақтарына толық, нақты жауаптар берді.

 

Маңғыстау облыстық сотының І қабатында сотқа жүгінушілерге арналған компьютер, интернет қызметі, интерактивті үстел арнайы жабдықталғанын тілге тиек етіп, жаңа технологияларды енгізуге, олардың бұқара халық үщін қолжетімді болуына облыстық сот тарапынан аса зор мән берілетініне тоқталды.

 

Кез-келген түрдегі арызды «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде беру үшін әрбір арыз берушінің электрондық цифрлы қолтаңбасы болуы тиіс, оны тиісті қызмет көрсету орталығынан «Электронды үкімет» порталынан алуға болатыны туралы түсіндірілді.

 

Семинарға қатысушы «Жастар жетістіктері» Қоғамдық қорының өкілі А.Балабатырова «Сот кабинеті» сервисінің артықшылығы көп екеніне тоқталып, бұл соттардағы жаңадан енгізіліп жатқан электронды технологиялардың ең тиімдісі екенін, үйден шықпай-ақ электронды түрде талап арыз, басқа да құжаттарды жолдау, уақытты үнемдеуге мүмкіндігі мол жаңалық екенін айта келіп, алдағы уақытта «Сот кабинеті» қызметін қолдану арқылы жұмыстанатындарын білдірді.

 

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі азаматтардың сотқа жүгінуде электронды технологияларды меңгеруіне арналған аталмыш шара алдағы уақытта өз жалғасын тауып, халық арасында электронды сервистерді қолданудың тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстарының ұдайы жүргізіліп тұратыны жайлы айтты.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему