Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері  жүзу бойынша облыстық спартакиада жеңімпазы атанды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 15:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері жүзу бойынша облыстық спартакиада жеңімпазы атанды

27 Июня 2016 (17:32) | 2409 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ағымдағы жылдың 12 маусым күні Ақтау қаласындағы «Дельфин» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлердің арасында жүзуден жарыс ұйымдастырылды.

 

 

Жарыста жүзу техникаларының бірнеше түрлері қолданылды: спортшылар суда еркін стилде де, крол және брас стилінде де жүзу қабілеттерін танытты. Әрбір жүзуде, әрбір эстафетада спортшылар арасындағы қызу тартыс анық сезілді. Су жолағының басында 7 мемлекеттік қызметтен барлығы 30 спортшы кездесті.

 

 

Ең үздік жүзуші атағына тек қана ерлер емес, сондай-ақ әйелдер де таласты. Спорттың бұл түрі өрт сөндіруші-құтқарушыларға қызметте су объектілерінде адамдарды құтқару үшін қажет. Аталмыш спорт түрінен жақсы әзірлікті таныта отырып, жалпы командалық есепте бірінші орынға Ақтау қаласы Әкімдігінің командасы жайғасса, екінші орынға Маңғыстау облыстық коррупцияға қарсы ведомствоның командасы лайық деп танылып ал үшінші орынды Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» командасы иеленді.

 

Жеке жетістіктерге келер болсақ, 50 метрлік қашықтықты 34 секундта жүзіп өткен Жаңаөзен қалалық №13 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-прожекторисі Шамадинов Марат үшінші орынды иеленді. Екінші орынды, 32 секунд нәтижесімен Ақтау қалалық Әкімдігінің қызметшісі Аян Ниязбеков жеңіп алды. 31секунд нәтижесімен финишке бірінші жеткен Ақтау қалалық «№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің» өрт автокөліктерін жүргізуші-қызметкері Мүслім Құдайберген жеңімпаз атанды.

 

Жеңімпаздарды жарыстың бас төрешісі – Александр Кабаргин құттықтады. Медальдер мен кубоктарды табыстай отырып ол: «Жарыс жоғарғы дәрежеде өтті, қызметкерлер жақсы нәтижелер көрсетті» - деп атап өтті.

 

Жүзу бойынша жарыс ежелгі заманнан – Ежелгі Мысырда, Ежелгі Грецияда және басқа мемлекеттерде өткізілген. Табылған әртүрлі археологиялық заттардағы суреттер бұған куә.

 

Құжаттық мәліметтер сақталған жүзу бойынша алғашқы жарыстар XV-XVI ғғ. шетелде өткізілген (мысалы 1515 жылы Венецияда).

 

XIX ғасырдың ортасында, бассейндер құрылысы басталысымен, жүзушілердің спорттық шараларының ұйымдастырылуы әлемнің көптеген елдерінде қалыптаса бастады (1869 – Англияда, 1882 – Швецияда, 1886 – Венгрия мен Германияда, және т.б. ал Ресейде мұндай шаралар 1894 жылдан бастап ұйымдастырыла бастады).

 

Облыстық спартакиаданың нәтижелері туралы бізге Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему