Маңғыстау индустриалдық палатасы БАҚ өкілдеріне ауызашар берді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 04:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау индустриалдық палатасы БАҚ өкілдеріне ауызашар берді

27 Июня 2016 (09:45) | 3148 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласындағы «BUKOWSKI» гриль-пабында «Маңғыстау индустриалдық палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігі» жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ауызашар берді. Оған шамамен 30 адам қатысты.

 

Ауызашарда аймақтағы телеарна, газет, радио, интернет-басылымдарының тілшілері мен блогерлер бас қосты. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желіні белсенді пайдаланушыларға уақыттарын бөліп келгеніне және шақыруды қабыл алғанына өз алғысын білдірген белгілі кәсіпкер, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасы Кеңесінің мүшесі Жаңбырбай Доспаев журналистерді Рамазан айымен құттықтады.

 

- Рамазан айын барша мұсылман қауымы әр жылы күтеді. Ораза ұстау адамды ізгілік пен қайырымдылыққа шақырып, қоғамның береке-бірлікте өмір сүруіне үндейді. Осында отырған БАҚ өкілдерін осы қасиетті Рамазан айымен шын жүректен құттықтаймын. Алла тағала жасаған ізгі амалдарымызға мол сауаптан жазғай, – деді ол.

 

Ауыз ашар еркін форматта өтті. Журналистер кәсіпкер Жаңбырбай Доспаев пен «Маңғыстау индустриалдық палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) төрағасы Ғалымжан Балтілеуге өздерін қызықтырған, көкейде жүрген сауалдарын қойды.

 

 

Жаңбырбай Доспаев жуырда ғана Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының III Съезі туралы айтып берді. Айта кету керек, аталмыш шараға Маңғыстау облысынан аттанған делегаттар қатарында Жаңбырбай Сұлтанұлы да болды.

 

- Үшінші Съезде бірқатар мәселелер талқыланды. Атап айтар болсақ, мемлекеттік сатып алу, қаржылау ресурстардың қолжетімдігі, шағын кәсіпкерлікті несиелеу, мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген заңсыз тексерулер, ауыл шаруашылығы кооперативін дамыту және тағы басқа мәселелер көтерілді», - деді ол журналистермен сұхбаттасу барысында.

 

Оның айтуынша, елімізде кәсіпкерлікті дамыту бойынша да бірқатар сұрақтар талқыға салынған. Алда атқарылатын мына міндеттер тұр: отандық тауарды өткізу және сұранысты арттыру, аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту картасын жасақтауды жалғастыру, инвестиция тарту және экспорттың әлеуетін арттыру, қаржылай қолжетімділікті қамтамасыз ету, бизнеске жасалатын қысымды әлі де төмендету және басқа да мәселелер.

 

Жалпы кейбір статистикалық көрсеткіштерге тоқталар болсақ, 2015 жылы еліміздегі кәсіпкерлер арасында сауалнама жүргізілген, оның 85 % негізгі кедергі ретінде тауарды өткізу нарығының төмендігімен байланыстырған. Ал 4600 кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамада, 40 % мөлшерлеменің тым жоғары екендігін алға тартқан. Әрбір бесінші бизнес субъектісіне айналым қаражаты жетпейтін болып шықты.

 

Жиын соңында еліміздің кәсіпкерлері жемқорлыққа қарсы Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Хартиясын қабылдаған.

 

 

Сондай-ақ, III Съез басталмай тұрып, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаев Экономиканы және жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Жаңбырбай Доспаевты «Ісіне адалдығы үшін» ІІІ дәрежелі «Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» медалімен марапаттады. Өз кезегінде ауызашарда сөз алған журналистер қауымы да Жаңбырбай Доспаевты кәсіпкерлікті дамыту ісіндегі жетістігі үшін алған марапатымен қызу құттықтады.

 

Мәнді де мағыналы кездесудің нәтижелі өтіп, еркін форматта шүйіркелесіп, ақпарат алмасу мүмкіндігін ұйымдастырғаны үшін белгілі кәсіпкер, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасы Кеңесінің мүшесі Жаңбырбай Доспаев пен «Маңғыстау индустриалдық палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігінің» басшысы Ғалымжан Балтілеуге БАҚ өкілдері алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему