Қайырымдылық танытты
13 Июня 2016 (15:18) | 2225 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университетінің «Құқықтану» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және осы кафедраның «Юриспруденция», «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының күндізгі бөлім студенттері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ұйымшылдықпен атсалысқан мақсатқа 100000 теңге қаржы жиналды.
Ізгілік ниетті мақсат тұтқан студенттер жиналған қаражаттың бір бөлігін Мұнайлы ауданы, Батыр елді мекенінде тұратын Мақсатбай Назаровтын отбасына апарып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяға азық-түлік жеткізіп, балаларға тәттілер таратып және ақшалай көмек көрсетті. Бұл отбасының үлкен баласы Алимұхаммед І топтағы мүгедек және екі күшкентай қыздары бар екенін студенттер алдын ала анықтаған болатын.
Бұдан соң студенттер екінші мүжәлсіз отбасына барды. Ақтау қаласында тұратын бұ жанұяның 9 жасар ұлы Ережепов Дамир Даун синдромына шалдыққан. Студенттер науқас балаға тәттілер, жеміс-жидектер апарып және 50000 теңге көлемінде дәрі-дәрмектер алуға қаржылай көмек корсетті.
- Студенттеріміз бұл шарадан үлкен әсер алып, алдағы уақытта мүжәлсіз отбасыларға қайырымдылық көрсету бағытында тығыз жұмыс жасауға ынта білдірді,- дейді университеттің оқытушылары.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему