Қасиетті Рамазан айы құтты болғай!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 04:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қасиетті Рамазан айы құтты болғай!

6 Июня 2016 (11:20) | 3019 | Автор: Нурганым Имашева

 

Мейірімді де рахымды Алланың атымен бастаймын!

 

Барлық мақтаулар мен мадақтар Алла тағалаға болсын! Қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткенімізге шүкірлік етеміз!

 

Құрметті ақтаулықтар мен қала қонақтары!

Баршаңызды мүбәрак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Айлардың ұлығы атанған бұл ай – мейірімділік пен ізгіліктің салтанат құрған кезі, Жаратқан Иенің шапағатына бөленетін уақыт. Адамның жақсылықтары мен игі істері, сауапты ойлары мен адамгершілік сезімдері де еселеніп жазылатыны да осы айда.

 

Дені сау, жаны мұсылман барлық адамзат осы айда аузын бекітіп, ораза ұстаулары тиіс. Отыз күн ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан сақтайды. Құрандағы «Бақара» сүресінде «Ей, иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» делінген.

 

Биылғы ораза маусымның 6-ншы жұлдызында басталады. Ораза уақыты –таң шапақтан басталып, күннің батуына дейінгі аралық. Оразаның жалпы шарттарына келсек, бұл мұсылмандардың бес парызының бірі саналады. Екіншіден, оразаны балиғатқа жасына толған, ақыл-есі дұрыс жандар ұстай алады. Сәбиге, ауыратын және мас адамға ораза парыз саналмайды. Сондай-ақ, ораза ұстау жауапкершілігінен науқастар мен жолаушылар да босатылады. Алла тағала сапардағы адамға оразасын тоқтатуға рұқсат берген. Бірақ, ол қаза болған оразасын кейін өтеуге міндетті.

 

Оразаның дұрыс орындалуының басты шарты - адамның ниетінде саналады. Оразаға жүрекпен ниет ету керек. Ал, ораза ұстаушылар үшін ұнамды нәрселерге таң сәріде тұрып, бір жұтым болса да су ішу жатады. Пайғамбарымыз «с..ғ.с.» «Сәрінің тамағы берекет. Алла сәріде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді» дейді. Екінші шапақ атқанға дейін сәріні кешіктіру де – мұстахап. Құранда «Үмбетім ауыз ашарда асығып, сәріні кешіктірген уақытта әрқашан жақсылықта» делінген.

 

Ауызды құрма немесе сумен ашу – сүннетке жатады. Ауыз ашарда мына дұғаны «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір» оқу керек.

 

Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу, сондай-ақ, жағдайы төмен жандар мен жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп, көмектесу – мұстахап. Пайғамбарымыз бұл жөнінде «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып, тамақ берген жан-ораза ұстаған адам алатындай сауап алады» деген.

 

Ораза ұстаушы тек жақсы сөздер айтып, бос сөз бен құр істерден бойын аулақ ұстағаны жөн. Бұл туралы «Кімде-кімның аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе, немесе керіскісі келсе, оған «Мен оразамын» десін» делінген. Қайта бос уақытын ғибадат, ғылыммен, Құран оқумен өткізу керек.

 

Оразаның мақсаты – адам жанын тазарту. Пайғамбарымыз /с.ғ.с./ «Рамазан келгенде жәннат есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылады, шайтандар кісенделеді. Жәннаттың бір есігі бар, ол – Раййан. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар кіреді» деген.

 

Олай болса, осындай қасиетті де сауапты ай – Рамазан мұсылман жұртының отбасына береке, ырыс-несібе, молшылық пен сауап әкелгей! Ниеттеріңіз қабыл болып, Алланың шапағатына бөленіңіздер! Халқымыз - аман, жеріміз - тыныш болып, имандылығымыз артқай!

Дүйсенқажы Хаснияз

Ақтау қалалық Бекет ата

 мешітінің бас имамы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему