Жас инспекторлар слеті өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас инспекторлар слеті өтті

25 Мая 2016 (11:45) | 4584 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жасөспірімдер мен жастар арасындағы жол апаты жарақатының алдын алу мақсатында, Маңғыстау облысында Жол қозғалысы жас инспекторларының слеті өтті.

 

Жыл сайынғы ауқымды шара биыл Ақтаудағы Қазақ-түрік лицейінің базасында ұйымдастырылып, өңірдегі қос қала мен аудандардан 6 команда қатысты. Сайысқа қатысушылардың жалпы саны 60 оқушыны құрады.

 

 - Слет бағдарламасына сәйкес, жас ұландар 8 түрлі сыннан өтті. Олар, жол-қауіпсіздік ережелерін дәріптеп, сақтыққа шақыратын үгіт бригадасы жұмысын; әскери тактика бойынша саптық түзелуді; білгірлер арасында тест тапсырмаларын орындауды; алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жас санитар қызметін; жас эрудит; жас реттеушілік шеберлігін велосипедті мәнерлеп айдауды көрсетсе, команда жетекшілері өз алдына бөлек сайысты, - дейді қазылар алқасының мүшесі Маңғыстау облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Гаухар Биялиева.

 

 Қазылар құрамын Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті мен Білім басқармасының мамандары толықтырып, қатысушыларға әділ баға берді. Сайысқа қатысушы командалар арасында, Ақтау, Жаңаөзен қалаларынан және Түпқараған ауданынан келген командалар ерекше көзге түсті.

 

Слет бір күнге созылды. Қазылар шешімімен жүлделі үшінші орынды Маңғыстау ауданының, екінші орынды Жаңаөзен қаласының командасы иеленсе, жеңіс Мұнайлы ауданынан келген жас инспекторлардың еншісінде.

 

Енді, жеңімпаз команда 17-26 тамыз аралығында Алматыда өтетін республикалық сайыста облыс намысын қорғайтын болады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему