Жұмыссыздар кәсіпкерлікке оқытылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 18:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұмыссыздар кәсіпкерлікке оқытылды

25 Мая 2016 (10:24) | 1796 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Маңғыстау индустриалдық палатасында 35 адам «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» оның ішінде «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету» бағдарламасы аясында оқуын аяқтады. Дәрісті Арман Ақбердиев оқыды»,- деп хабарлады біздің басылымға Маңғыстау индустриалдық палатасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

 

Бұл оқыту курсы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқамасында жұмыссыз болып тіркелгендерге ғана арналған.

 

Оқу бірнеше бағытты қамтыды: стратегиялық және бизнес-жобалау, қаржы, маркетинг және сату, бизнес-процесстер, адами ресурстарды басқару, салық және құқық, үздік бизнес-жоспар, кәсіпкерлерге қызмет көрсететін қаржы ұйымдары.

 

Сондай-ақ, курс тыңдаушылар «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020», «Еңбекпен қамту-2020» және тағы басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алды.

 

Он күнге созылған курс кезінде, өз ісін жаңадан бастағалы отырған кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сауалдарға тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, қатысушылар семинардың қызықты өткендігін айтты.

 

- Оқыту семинары жоғары деңгейде өтті. Өз басым ризамын және білімімді жетілдіргеніме қуанып отырмын. Қажетті ақпараттың барлығын алдым, көп ұзамай өз кәсібімді ашуды көздеп жүрмін. Ең бастысы өзімнің қызығушылығым жоғары болды, демек кәсіппен айналысуға еш кедергі жоқ деп есептеймін», - дейді өз ісін жаңадан бастап жатқан жас кәсіпкер Қанат Досқалиев.

 

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертфиикат берілді. Сөз соңында Маңғыстау индустриалдық палата басшылығы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқамасының бөлім башысы Лаура Махмутова қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

- Семинарға қатысушылардың дені жастар. Олар кәсіппен айналысып, оның нәсібін көргісі келетіндерін айтты. Мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетілуде, соның бірі осы шара, сіздерді кәсіпкерлік негізіне тегін оқыту болып табылады. Ең бастысы бизнесте қателік жібермеу қажет, бұл ретте сіздерге тегін консультациялар берілуін қамтамасыз ететін боламыз», - деді сертификаттар табыстау кезінде «Маңғыстау индустриалдық палатасы» ЗТБ төрағасының орынбасары Болатбек Малдыбаев.

 

Жоспар бойынша барлығы 69 адам оқытылуы керек, ендігі кезекте екінші топқа бөлінген 34 адам оқуын жуық арада бастайтын болады.

 

Айта кету керек, бұл жоба Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік тапсырыс беру аясында жүзеге асырылып отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему