Астрахандық кәсіпкерлер Маңғыстаудағы әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 18:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Астрахандық кәсіпкерлер Маңғыстаудағы әріптестерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі

24 Апреля 2016 (17:54) | 2155 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұл туралы Ақтау қаласына жасаған сапарында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің Астрахань облысындағы уәкілі Ренат Қалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, өзара тиімді қарым-қатынас пен серіктестік байланыс орнату мақсатында Астрахань кәсіпкерлері Қазақстанның аймақтарын аралауға шығыпты.

 

Ақтауға атбасын бұрған ресейлік кәсіпкерлер алғашқы кездесудің бірін «Маңғыстау индустриалдық палатасы» Заңды тұлғалар бірлестігінде өткізді. Оның қызметі мен жоспары туралы аталмыш бірлестік төрағасының кеңесшісі Нұрбол Оқуов айтып берді.

 

Уәкіл Ренат Қалиев атап өткендей, Қазақстан мен Ресей облыстары арасындағы достық, мәдени және іскерлік байланыс жылдан - жылға жақсара түсуде.

 

- Бір кездескеннен келісімге келу оңай емес. Бизнеске - үлкен жауапкершілікпен жақындау керек, ол үшін уақыт қажет және аймақтарды тұрақты түрде аралау керек деп есептеймін.

 

Алдағы уақытта Маңғыстау мен Астрахань арасында алтын көпір орнап, ынтымақтастық жаңа деңгейге шығады деп сенемін. Бірлескен кәсіпорындардың құрылуына өзіміздің тарапымыздан барынша жұмыстанамыз, соның бірі ретінде осы сапарымызды айтуға болады.

 

 Әр облыстың бизнес климаты мен потенциалдық мүмкіндіктерімен танысып жүрген жайымыз бар», - деді Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігінің Астрахань облысындағы уәкілі Ренат Қалиев.

 

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Ресей үшін стратегиялық әріптес екендігін атап өтті.

 

Астрахань облысынан келген кәсіпкердің бірі «Термит» кәсіпорнының бас директоры Евгений Тюшев. Ол жетекшілік ететін мекеме кеме жөндеу, кеме жасау және коррозияға қарсы өңдеу жұмыстарымен айналысады.

 

- Біздің миссия - барынша тиімді әрі сапалы кеме құрылысы бойынша көрсетілетін жұмыстарды халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу болып табылады. Қазақстандық флоттың дені біздің зауытқа келіп, сапалы қызмет алып жүр.

 

Маңғыстауға жасаған жұмыс сапары кезінде, Түпқараған ауданында болып, «Wagenborg» және «ҚазақТеңізКөлікФлоты» сияқты теңіз компанияларының басшыларымен кездесу өткіздік, - деді ол.

 

Айта кету керек,Ресейдің Астрахань өңірінде Қазақстан капиталының қатысуымен 43 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олар көбіне түрлі саланы қамтып отыр, әсіресе көтерме сауда, көлік және байланыс, құрылыс, қайта өңдеу, балық шаруашылығы және т.б.

 

Астраханьда өндірілетін тауарлар да Қазақстанда сұранысқа ие: әсіресе құрылыс материалдары, азық-түлік пен басқа да шаруашылыққа қажетті өнімдер - Қазақстаннан түсіп жатқан тапсырыстар, Астраханьда орналасқан кеме жасау зауыттарында табыс көлемін арттырып отыр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему