Маңғыстаулық балуандар жеңіс тұғырында
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балуандар жеңіс тұғырында

19 Апреля 2016 (18:15) | 1808 | Автор: Нурганым Имашева

 

Сәуір айының 16-17 аралығында Ақтөбе қаласында жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Кубогы сарапқа салынды. Дүбірлі додада маңғыстаулық балуандар Нұркен Домбаев (55 келі салмақта) алтыннан алқа тақса, Айболат Мұратұлы (100 келі салмақта) мен Батырбек Орынбасаров (75 салмақта) үшінші орынды иеленіп, қола медальдің иегерлері атанды.

 

- Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық балуан қатысты. Облысымыздың намысын тоғыз балуан қорғады, оның үшеуі жүлделі орынды иеленіп, қоржынымызды бір алтын, екі қола медальмен толықтырды.

Жарыстың қорытындысында командалық есепте бірінші орынды - ақтөбеліктер, екінші орынды - қостанайлықтар еншілесе, үшінші орынға - біздің команда тұрақтады. Оның өзі - үлкен жетістік.

Жалпы қазіргі таңда мен 200-ден астам спортшыларды жекпе-жектен жаттықтырып жүрмін,-дейді облыстың жекпе-жектен аға жаттықтырушысы Арман Әбілда.

 

Бұған дейін балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің қос балуаны - Айболат пен Нұркен Атырауда ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан өткен Ел біріншілігінде топ жарып, ҚР-ның чемпионы атанған болатын.

 

Жүректі балуандар ағымдағы жылы өтетін Азия, Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему