Ақтауда VІІІ «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир өтеді
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 20:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда VІІІ «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир өтеді

19 Апреля 2016 (14:49) | 3284 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 13-мамырда дәстүрлі түрде сегізінші рет аймақта дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнир жалауын желбіретпек.

 

Жарысқа еліміздің ұлттық құрама командасының сапындағы спортшылар мен Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Түркіменстан мемлекеттерінен 1997-1998 және 2002-2007 жылы туған балуандар қатысады деп күтілуде. Дзюдодан ұйымдастырылатын жарыс 13 - 15 мамыр аралығында Ақтау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінде өтеді. Байрақты бәсекеде облыс намысын 18 салмақ дәрежесінде 300 - ден астам жастар мен жасөспірімдер қорғамақ.

 

- Халықаралық деңгейде өткізілетін турнирдің басты мақсаты - көршілес елдердің өзара ынтымағы мен қарым-қатынасын нығайтып, спортшылардың біліктілігін шыңдау.

Бұл турнир алғашында республикалық, халықаралық деңгейде Шетпеде өткізілді. Кейін облыс орталығы Ақтау қаласында ұйымдастыруды қолға алдық.

Бұған дейінгі турнирлерде біздің облыстың балуандары командалық есепте жақсы көрсеткіш көрсетіп, үмітімізді ақтады. Бұл жолы да жерлестеріміз намысты қолдан бермейді деп сенеміз. Аталмыш жарыстан топ жарып, 1,2,3 орынды иеленген жеңімпаз балуандарға «Спорт шеберіне үміткер» деген атақ беріледі,-дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

 

Сондай-ақ, 10 - 12 мамыр аралығында халықаралық турнир аясында самбодан жасөспірімдер арасында «Ақтау кубогы» сарапқа салынады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему