Қос Бауыржан Ел чемпионатында топ жарды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 20:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қос Бауыржан Ел чемпионатында топ жарды

18 Апреля 2016 (09:56) | 2054 | Автор: Нурганым Имашева

 

Орал қаласында жастар арасында самбодан Ел біріншілігі мәресіне жетті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген жарыстан маңғыстаулық қос балуан Бауыржан Сағынғалиұлы мен Бауыржан Нарбаев топ жарып, ағымдағы жылы өтетін Азия және Әлем чемпионаттарына жолдама алды.

 

Аталған біріншілікке Астана мен Алматы қалаларынан, еліміздің 14 облысынан 9 салмақ дәрежесінде 300-ден астам жігіттер мен қыздар қатысып, бақ сынаған. Боз кілем үстінде болған белдесуде 62 келі салмақта жерлесіміз Бауыржан Сағынғалиұлы алтыннан алқа тағып, ҚР чемпионы атанды. Бауыржан бұған дейін жастар арасында самбодан екі дүркін Азия чемпионы және әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ, аталмыш жарыста 57 келі салмақта Бауыржан Нарбаев қоланы қанағат тұтты. Жарысқа балуандарды белгілі бапкерлер Манарбек Бисекенов, Сергей Волобуев және Берік Жұмағалиев дайындаған.

 

 

- Сәуір айының 7 мен 10 аралығында Орал қаласында 1996-1998 жылы туған жастар арасында самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың намысын қорғауға 12 ұл мен 6 қызды апардық. Өкінішке орай, қыздарымыз жақсы нәтиже көрсете алған жоқ.

 

Ұлдар арасында 62 келі салмақта Бауыржан Сағынғалиұлы алтынды және 57 келі салмақта Бауыржан Нарбаев қоланы иеленді. Біздің биылғы қойған мақсатымыз - Әлем чемпионатына үш балуанды қатыстыру болатын. Алла сәтін салып, мамыр айында Ашхабадта өтетін Азия және қазан айында Румынияда өтетін Әлем чемпионатттарына облыстан бес балуанымыз жолдама алды. Олар: Айболат Мұратұлы, Сұңғат Жұбатқан, Бауыржан Сағынғалиұлы, Бауыржан Нарбаев және Нұркен Домбаев.

 

 

 

Енді алдағы меже - Азия және Әлем чемпионаттарында жүлделі орындардан көріну,-дейді Ақтаудағы жастар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему