Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 05:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі

3 Апреля 2016 (16:43) | 4428 | Автор: Нурганым Имашева

 

Төтенше жағдайлар саласының мамандары тарапынанқала тұрғындарына арналған «тілсіз жаудан» сақтану қағидалары туралы ескертулер үнемі жасалып жатқанына қарамастан, қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау себебінен кейбір азаматтар кенеттен туындаған өрт салдарынан қапияда дүние-мүлкінен айырылып, баспанасыз қалып жатқанының да куәсі болып жүрміз.

 

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуші мамандардың айтуынша, тұрғын үйлердегі өрт оқиғаларының кейбірі электр жарығы және тұрмыстық электр жылытқыш қондырғыларының ақауынан болады. Олардың алдын алу мақсатында Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар бақармасының инженер лауазымындағы тағылымгері Азаматтық қорғау қатардағы Елшібаев Данияр Дастанұлы қала тұрғындарына тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым қағидаларын ұсынды:

- ЭЛЕКТРДЕН болатын өрттердің негізгі себебі - ол қысқа тұйықталу - желінің шамадан тыс жүктелуі. Осындай жағдайлар болмау үшін - электр сымдарын дұрыс жағдайда ұстау керек, ал қысқа тұйықталудан және желінің торда шамадан тыс жүктелуінен болатын өрттердің алдын алу үшін тарату қалқаншада міндетті түрде зауытта жасалған сақтандырғыштар болуы қажет.

 - Егер электр желісіне жуан сымнан қолдан жасалған сақтандырғышты қосса, онда қысқа тұйықталу кезінде ол ерімейді. Олай болса «қорғанысы» істемейді және желі тоқтың астында қалады. Осындай жағдайда сымдар ерігенше қызады, оқшаулау тұтанады, от айналадағы жанғыш заттарға таралып, өрт шығады. Сондықтан әрқашанда тек зауытта жасалған сақтандырғыштарды қолдану қажет.

- Қысқа тұйықталу электр сымда болуы мүмкін. Сондықтан ол дұрыс жағдайда болуы керек. Өрт электршамынан да болуы мүмкін, оның вольфрам сымы қызған кезде көп жылу шығарады. Өрт болмауы үшін электр шамдары қағаз және мата абажурларға тимеуі қажет.

- Сондықтан желіге қосылған қондырғыларды қараусыз қалдыруға және олардың қарауын кішкентай балаларға тапсыруға болмайды, сонымен қатар, перделер, ағаш қалқа және т.б оңай тұтанатын заттардың қасында оларды қосуға болмайды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему