Венера Мирлан: «Лондон сапары - таным-көкжиегімді кеңейту мүмкіндігін сыйлады»
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 16:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Венера Мирлан: «Лондон сапары - таным-көкжиегімді кеңейту мүмкіндігін сыйлады»

30 Марта 2016 (10:55) | 5087 | Автор: Нурганым Имашева

 

Былтыр қараша айында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ және Қазақстандағы Британдық кеңестің бастамасымен «Ұлттық инновациялар байқауы» өткізгенін сол байқаудан жерлесіміз, республикалық «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі және облыстық «Маңғыстау» газетінің журналисі Венера Мирланнның жеңімпаз атанғаны жөнінде сүйіншілеп жазған болатынбыз. Байқауға қатысқан 250-ге жуық журналистің ішінен топ жарған еліміздің әр өңірінен келген тоғыз тілшіге Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласына жолдама берілген болатын. Сапардан оралған әріптесімізбен сұхбаттасудың сәті түсті.

 

- Көңіл-күй қалай, Венера? Лондоннан алған әсеріңмен бөлісе отырсаң...

- Көңіл-күй керемет! Алла сәтін салып, байқаудан жеңімпаз атанғаымды естіп бір қуансам, Лондонға жолдама берілетінін естігенде екі есе қуандым. Өйткені, ғылым мен білімнің дамыған орталығына барып, Британия Корольдігінің астанасымен, әлемге танымал ВВС телеарнасымен жақын танысу - қолына қалам ұстаған әрбір журналистің арманы болар деп есептеймін. Сондықтан да бір топ журналистерге мүмкіндік жасап, қолдау көрсеткен байқауды ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Бізді Тұманды Альбионға Қазақстандағы Британ кеңесінің қызметкері Әйгерім Алпкарина мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ пиар менеджері Әйгерім Аханова бастап апарды. Әр күнге қызықты шаралар, семинар-сабақтар ұйымдастырып, ВВС телеарнасымен, мұражайлармен, ғылыми журналистерді дайындайтын университет жұмысымен жақын таныстырды. Сондықтан да бұл сапар таным-көкжиегімізді кеңейтіп, жаңа ізденіске жол ашып, жаңа идеялдардың туындауына шабыт берді.

 

 

Лондон туралы көп нәрсе айтуға болады. Парижді айтқанда Эйфель мұнарасы, Мәскеуді айтқанда Кремль еске түссе, Лондон жайында сөз қозғағанда Биг-Бен оралады. Бұл – Лондондағы биік сағат мұнарасы. Ол 1858 жылы тұрғызылып, іске қосылған. Алып сағат мұнарасы атауының екі себебі бар екен. Біріншісі – Биг-Бен деп қоңырауды жасау жұмыстарын басқарған сэр Бенджамин Холлдың атына байланысты болса, екіншісі – сол кездегі ауыр салмақтағы атақты боксшы Бенджамин Каунттың есіміне берілген дейді тұрғындар.

 

Лондонға барған адам Букингем сарайына соқпай кетпейді екен. Қаланы аралып, саяхат жасағанда біз де бардық. Патшайым отыратын сарайдың алдында күндіз-түні адам көп. Сарайдың қақпасының қасына дейін келіп, суретке түсуге, сарайды тамашалауға халыққа ешқандай шектеу қойылмайды екен. Тағы бір қызығы, ІІ Елизавета резиденцияда болмаған кезде сарай төбесіне Ұлыбританияның туы ілінеді де, патшайым сарайда болған кезде ол ту арнайы штандартпен ауыстырылып тұрады екен.

 

 

Сондай-ақ, алып қалада музей көп. Көпшілігіне кіру - тегін. Мадам Тюссоның балауыз мүсіндер музейінен бастап Жаратылыстану тарихының музейі, Ұлттық галерея, Ұлттық теңіз музейі, Ғылым мен өндіріс музейі, Британ музейі, Шерлок Холмс музейі, Виктория мен Альберттің музейі, Фрейд музейі, Ойыншықтар музейі, Империялық әскери музей, Театр музейі, Дизайн музейі бар. Сапар барысында біз Шерлок Холмс музейіне, Ғылым және Британ музейіне бардық. 1753 жылы ірге тасы қаланған Британ музейінің қорында миллиондаған жәдігер бар екен. Музейді аралап жүріп біз 1900 жылы жасалған, қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген аяқ киімін көріп, таң қалдық. Етіктің Балқаш көлі маңында жасалғаны жазылған екен. Қазақ жерінде тігілген етікті алып Лондонның музейінде көреміз деп кім ойлаған...

 

Сапар барысында Лондонның Камберэулл ауданында орналасқан Pasha мейрамханасына бардық. Қазақ, қырғыз, өзбек азаматтары бірігіп ашқан мейрамханада қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады екен. Мейрамхана ұлттық ою-өрнектермен безендіріліп, құрақ көрпешелер төселген. Шағын мейрамханада бес аспаз, үш даяшы жұмыс жасайды екен. Біз сұхбаттасқанда мейрамхана қызметкерлері Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурызды тойлауға дайындалып жатқандарын айтты. Дәл сол күні Лондонның орталық көшесінде мерекені тойлап, ұлттық тағамдарды дайындап, ән айтып, күй тартып, түрлі ойындар ұйымдастыратындарын жеткізді. «Мереке күні екі тайқазан орнатып, 250 келі палау дайындаймыз», - деді біз тілдескен мейрамхана қызметкері Мұзафар Садықов.

 

 

Байқағанымыз ағылшындар өзінің өткеніне, тарихи орындары мен мәдениет ескерткіштеріне, мұражайларына өте ұқыпты, асқан жауапкершілікпен қарайды. Қайда барсаңыз да өте биязы, әдемі жымиыспен, ілтипатпен қарсы алатын тұрғындарды көресің. Қала жасыл-желекке оранған, тұрғындарының басым көпшілігі барар жеріне велосипедпен қатынайды. Таңертең ертемен паркте жүгіріп жүрген, дене жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын ұстанған тұрғындарды көп кездестіресің.

 

- Әлемдік телеарна Би-би-сиді көзімен көріп, ол жерде жұмыс жасайтын әріптестермен жақын танысу әрбір журналистің арманы. Шетелдік әріптестермен тілдесу барысында қандай ой түйдің? Британ елінде журналистика мамандарын дайындау ісінде қандай ерекшеліктер бар екен?

- Сапарымыздың үшінші күні бізді Би-би-си (ВВС) телеарнасына апарды. Би-би-си компаниясының негізі 1922 жылы қаланған екен. Телеарна 1932 жылдан бастап халықаралық деңгейде хабар тарата бастапты. Бүгінгі күні бұл компания «BBC One» атымен танымал. Қазіргі таңда Би-би-си-әлемдегі ең алып медия империяларының көшін бастап тұр. Халықаралық хабар тарататын арнаның жаңалықтар бөлімінде 700-ден астам журналист жұмыс жасайды. Телеарна жұмысымен жақын танысу үшін мұнда арнайы билет сатып алып, күніне мыңға жуық турист келеді екен. Телеарна ғимаратында «Би-би-си» логотипімен дайындалған әр түрлі бұйымдар да қымбат бағаға сатылады. Сондықтан да телеарна хабар таратып ғана қоймай, мемлекетте туризмнің дамуына айтарлықтай үлес қосып отырғанын айта кетуге болады.

 

 

 Мұнда ғылыми журналистикаға көп көңіл бөлінеді. Қалада кәсіби журналистерді дайындайтын Лондон қалалық университеті жұмыс жасайды. Мұнда ғылым, денсаулық сақтау саласы, технология және дұрыс тамақтану бағытында журналистерді дайындайтын факультеттер бар. Студенттердің бір-бірімен еркін пікір алмасып, ғылымға қатысты жаңалық енгізуіне жағдай жасау үшін олардың жұмыстарын орналастыратын арнайы www.elements-science.co.uk веб-сайты да жұмыс жасайды.

 

- Сұхбатыңа рахмет, Венера. Тау суындай ақпарат тасқынының ағынына ілесіп, қарбалас тірлікті бастан кешумен жүретін тілшілер қауымының қым-қуыт тірлігі жайбырақат әңгімелесіп, ұзағырақ сыр шертісуге мүмкіндік бермейтінін ескере отырып, сұхбатымызды осы жерден аяқтауға тура келіп тұр.

 

 

Алтын уақытыңды бөлгенің үшін зор алғысымды білдіремін. Келешекте де журналистік қызметіңде бұдан да биік белестерді бағындыру арқылы толағай табыстарға, үлкен жетістіктерге жетуіңе шын жүректен тілектеспіз. Алда алар асуларың көп болсын!

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
zhandos, 1 Апреля 2016 (14:38)
1 0
Венера Мирлан супер кыз:-)))))))))
Dubai, 30 Марта 2016 (13:24)
1 2
Не жәйлі әңгіме? Түсініксіз. Мен Лондонда болды дегенба?
Акбубек, 30 Марта 2016 (13:11)
2 0
Казак елин паш етип осындай казактын журналист кыздары болганы Арине катты куантады
Гаухар, 30 Марта 2016 (12:10)
4 0
Венера Мирлан - Біз Маңғыстау облысының атынан қазақтың өзіңдей қара домалақ қызына сәтті сапар болғанына өте қуаныштымыз! Бул деген улкен жетістік, алдағы уақытта да жетістіктерің көп болып,соның куәсі болайык! Жарайсың Алға Венера Мирлан!
Гулдана, 30 Марта 2016 (12:03)
2 0
Жарайсыз! Тек бииктерден корине бериниз!
Асхат, 30 Марта 2016 (11:41)
2 0
Молодец Биктерден корне бер
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему