Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті Наурыз мейрамын атап өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 19:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы ТЖ Департаменті Наурыз мейрамын атап өтті

28 Марта 2016 (12:19) | 3845 | Автор: Нурганым Имашева

 

Аймақта Ұлыстың Ұлы күні тойланған тұста қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шараларын сақтаумен айналысқан Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті сенбі күні Наурыз мерекесін атап өтті.

 

Салтанатты шараға облыстық әкімдіктің, мемлекеттік мекемелердің басшылары және ТЖ саласының ардагерлері құрметті меймандар ретінде шақырылды.

 

Мерекелік кеште Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінен жасақталған 6 топ өзара түрлі сайыстарға қатысты.

 

 

Департаменттің басқармалары мен бөлімдері орыс халқының салт-дәстүрін көрсеткен «Матрешки» тобына біріксе, «Самарканд» тобы өзбек ұлтының салтын танытып, грузин халқының дәстүрлерін «Арагви» тобы, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қазақ халқының ұлттық болмысын танытатын «Ынтымақ» деп аталған топты құрады.

 

«Дослуг» тобы татар ұлтының жөн-жоралғыларын бейнелесе, «Самур» тобы лезгин ұлтының салт-дәстүрі мен мәдениетін танытты.

 

Сайысқа қатысушы топтар арасында ұлттық тағамдар байқауы ұйымдастырылды.

 

 

Департамент бөлімшелерінің қызметкерлерінен құралған командалар өздері дайындап әкелген түрлі ұлттық тағамдарды қазылар алқасына ұсынып, олардың дайындалу жолдары мен құрамы туралы түсіндірді. Сайыс барысында әрбір топ өз өнерлерін ортаға салып, әртүрлі халықтар тіліндегі әсем әндерді әуелетумен қатар мың бұралған бишілер ұлттық билерді орындап, кеш қонақтарының көңіл-күйін шалқытты.

 

Мерекеге қатысушылардың барлығы ұлттық киімдер киіп, сән-салтанаты жарасқан әртүрлі ұлт өкілдері жиналған үлкен алаң қызылды-жасылды әдемі түстермен жайнап, көрікті кейіпке енді.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Бекенұлы Базарбаев:

-Наурыз мерекесі барлық Шығыс халықтары үшін өте маңызды мейрам. Ол ежелден біздің халқымызбен бірліктің, тұрақтылықтың, ауызбіршіліктің молшылықтың символындай атап өтіледі.

 Мерекелік іс-шараны ұйымдастыру - еліміздің саяси тұрақтылығын нығайтуға, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауға және насихаттауға ықпалын тигізеді.

Наурызды мерекелеудің негізгі мақсаты – Қазақстанда бірлік пен ынтымақты нығайту, ортақ мәдени-рухани құндылықтарды, жалпы ұлттық сананы қалыптастыру. Наурыз мейрамы көпұлтты Қазақстанда тұратын барлық халыққа бірдей қымбат,- деді құттықтау сөзінде.

 

Салтанатты шарада сонымен қатар түрлі халықтардың әдебиеттері көрмесі ұйымдастырылып, мерекеге келгендер назарына әртүрлі ұлттардың қолөнер бұйымдары ұсынылды.

 

 

Сонымен қатар мерекеде сайысқа қатысушы топтардың қазақ халқының салт-дәстүрлерін қаншалықты терең білетіндіктері сыналды. Бұл сыннан сүрінбей өту үшін сайысқа қатысушы командалар: күйеу аттанар, қыз ұзату, беташар, бесікке салу, тұсау кесу, бата беру сияқты қазақы дәстүрдегі жөн-жоралғыларды орындады.

 

Әрбір топ өзіне қойылған талапты орындау барысында ұлттық салт-дәстүрдің терең мән-мағынасын, қазақ халқының қонақжай дархан пейілін, қайырымдылыққа толы ашық мінезін, ұлттық рухын танытып, қазақы болмыстың шынайы кеңдігін көрсете білді.

 

Қазақтың бірнеше ұлттық ойындарынан спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

 

Байқаудың қорытындысын шығаруға келгенде қазылар алқасы біраз кеңесуден кейін сайыс жеңімпаздары ретінде «Матрешки» және Ынтымақ» командаларын атады, екінші орынға «Дослуг» және «Самур» топтарын лайық деп тапты, ал үшінші орынды «Самарканд» және «Арагви» командалары иеленді.

 

Жеңіске жеткен командалар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Барлық өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары бұйырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему