Бейнеу ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығына тосқауыл қойды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 03:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бейнеу ауданының полиция қызметкерлері мал ұрлығына тосқауыл қойды

17 Марта 2016 (20:41) | 3050 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бейнеу АІІБ полиция қызметкерлері 14.03.2016ж. Бейнеу ауданы Ақжігіт селосы тұрғынының бір бас жылқысының ұрланғаны жөніндегі хабарламасы бойынша жедел іздестіру тобын құрды.

 

Шұғыл іздестіру шарасы кезінде, Бейнеу ауданы Сынғырлау селосының 1980ж.тұрғынын бір бас тайды қораға қамап қойып және бір бас биені сойып жатырған жерінен полиция қызметкерлері үстінен түсіп, күдіктіні ұстады.

 

Нәтижесінде анықталғанындай, ұсталған күдікті мал иесіне 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге мүліктік шығын келтірген. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188 – бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен («Ұрлы»қ) - Тергеу амалдары жүргізіліп, іс сот өндірісінде».

 

     - Сонымен қатар, 2015 жылдың желтоқсан айы мен 2016 жылдың ақпан айы аралығында 1984 жылғы және 1990 жылғы 2 азамат қасақана қылмыстық пайдакүнемдік ниеттерімен қылмыстық сөз байласқан адамдар тобы болып, Бейнеу ауданында орналасқан «Тұрайымбет құмы», «Абай құмы», «Жарқұм» атты жерлерде ауыл тұрғындарының торы түсті, «ОТ» табырасы бар бағасы 300 000 теңге тұратын қара-көк түсті жабағысын, бағасы 500 000 теңге тұратын биені, 300 000 теңге тұратын тағы бір жабағысын бірінен соң бірін жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен.

     Ауыл арасында үрей тудырған күдіктілерді полиция қызметкерлері қолға түсірді. Қазіргі таңда олар ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп, іс сот өндірісіне жолданды,-деп хабарлайды ІІД Баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему