Амал мерекесін тойлады
Курс валют в Актау
на 12/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
12 Мая, 22:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Амал мерекесін тойлады

15 Марта 2016 (15:34) | 3308 | Автор: Нурганым Имашева

 

Көгілдір көктемнің жайдары шуағын төккен шағында жыл сайын 14 – наурыз күні еліміздің Батыс аймағы Амал мерекесі – Көрісу Айтты қарсы алып, ағайын-туыс, көрші-көлем, құда-жекжат, үлкен-кіші, ұжымдастар – барша халық бір-бірімен қол беріп амандасып, «Жыл құтты болсын!» деген ізгі тілектерін айтып жатады.

 

Ғасырлар бойына Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан осынау өнегесі мол мерекені Маңғыстау облыстық білім басқармасына қарасты «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының» (КТБО) ұжымы мен тәрбиеленушілері де атап өтті.

 

Осынау жарқын мерекеге арналып мекеменің ауласына тігілген алты қанат ақ орданың уықтары шаншылып, керегелері керілгенін өз көздерімен көріп, оған өз үлестерін қосқан балғындардың мейрамды тойлауға барын салып дайындалғаны әп сәттен-ақ байқалды.

 

Ата – анасының мейірімін, аяулы алақанының жылуын көре алмай жүрген балаларға қамқор болып, оларды қоғамға бейімдеп, жақсы тәрбие беріп, болашақтарының жарқын болуы жолында тынымсыз еңбектеніп жүрген аталмыш КТБО ұжымының қызметкерлері Амал мерекесінің тағылымын, мән-мағынасын жас ұрпақтың санасына сіңіру, ата-баба салт-дәстүрін дәріптеу мақсатында осынау мерекені ұйымдастырғандарын жасырмады. Бұл туралы КТБО директоры Гаухар Санаққызы Бегеш:

 

Осы Амал мерекесін атап өту арқылы ата-баба салтын дәріптей отырып, балаларымыздың бойына халқымызға тән үлкенге – құрмет, кішіге - ізет көрсету сынды тәрбиелік мәні зор, өнегелі боларлықтай жақсы дәстүрлерімізді сіңіруді мақсат етіп отырмыз. Ертеңгі күні ел тұтқасын ұстар жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолында жұмыстануды – өзіміздің басты парызымыз деп білеміз,- деді.

 

 

Мерекелік шараға тағдыр тәлкегін басынан кешіп жүрген балғындардың қоғамда өз орындарын тауып, қамқорлықтан кенде болмай жетілуіне, дұрыс тәрбие алуына өз үлестерін қосып жүрген аға-апалары, атап айтқанда қайырымдылық қорының төрағасы Иманғазы Досмұханбетов, Маңғыстау облыстық білім басқармасы және Ақтау қалалық білім бөлімінің мамандары, Маңғыстау облыстық ІІД қарасты ювеналдық полиция тобының басшысы Эльвира Хасанова, Ақтау қаласы ІІБ жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының басшысы Үмбеталиев Мақсат пен осы орган бөлімшесінің аға испекторы Рахаев Нұрлан Аллабергенұлы және Жаңаөзен қалалық жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының басшысы Әлбетбаев Мұрат қатысты.

 

Сән салтанаты жарасқан ұлттық киімдер киген балалар мың бұралып, түрлі ұлттық би билеп, әсем әндерді әуелетіп, өз өнерлерімен тойға жиылған меймандарды тәнті етті. Кейін балғындар «Асық ату», «Ақан тарту», «Жүзік салу» сынды ұлттық ойындар ойнаумен тойдың көрігін қыздыра түсті. Ұжым қызметкерлері «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп, жас өрендерді ата дәстүрін құрметтеуге баулыды. Мерекелік дастархан басында жасы үлкендер тарапынан бата беріліп, кеш қонақтары Амал тойына арналған ақжарма тілектерін ағытты.

 

Тойға арнайы шақыртылған Маңғыстау өнер колледжінің өнерпаз студенттері әсем ән-жырдан шашу шашып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлавп, кештің ажарын аша түсті.

 

 

Амал тойының ұлттық дәстүрге сай сән-салтанаты жарасқан тағылымды шара түрінде өтуіне бар күштерін салған КТБО ұжымының қызметкерлері ұйымшылдық танытты. Мерекеге орай осы мекемеде ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан мамандардың бір тобы жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолындағы мінсіз қызметтері үшін «НұрОтан» партиясы мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттары, Мадақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Мерекелік кештің өз деңгейінде өтуіне бар күш-жігерін салған КТБО директорының орынбасары Урбосинова Райса Шәмшеденқызы:

«Тойдың болғанынан – боладысы қызық» демекші, ұжымның әрбір мүшесі осы мерекенің қызықты өтуіне атсалысып, балаларымыз ересектерге қолқабыс етіп, көктемгі сенбілік жұмыстарына қатысып, аумақты қоқыстан тазартуға, киіз үйдің тігілуіне өз үлестерін қосып, үлкен мейрамға жақсы дайындықпен келді.

Бүгінде Орталықта 3 - 18 жас аралығындағы 15 жасөспірім тәрбиеленуде. Балаларымызды осы мерекеге қатыстыру арқылы олардың бойындағы өнерлерінің, қабілеттерінің ашылуына, танылуына әсер етуді көздедік. Ата-анасының қамқорынсыз, панасыз қалған жас өскіндердің қоғамға, ортаға бейімделуіне, қабілет-қарымдарының ашылуына, жақсы тәлім-тәрбие алуына барымызды салудамыз.

Басшымыздың арқасында бүкіл ұжым болып, ұйысып, ел ертеңі – болашағымыздың өнегелі тәрбие алып, қоғамымыздың белсенді, саналы, тәрбиелі азаматтары болуына жұмыстанудамыз.

Бізге үнемі қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген Иманғазы Досмұханбетов есімді кең пейілді азаматқа және біздің мекемеге қол ұшын созып, осы Амал мерекесінің жақсы өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен барша азматтарға шын көңілден алғысымызды білдіре отырып, маңғыстаулықтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтаймыз,- деп ризашылық сезіммен құттықтауын арнады..

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему