Ақтаулық өртсөндірушілер қала тұрғындарына арнайы рейд арқылы қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ескертті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық өртсөндірушілер қала тұрғындарына арнайы рейд арқылы қауіпсіздік қағидаларын сақтауды ескертті

14 Марта 2016 (09:37) | 1805 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтаулық өртсөндірушілер қаладағы ТЖ орын алған үйлерге арнайы техникаларымен келген кезде ауладағы көліктердің бейберекет орналасуы себебінен оқиға орнына жақындай алмайтындықтарын айтуда.

 

Кез-келген шағынаудандағы үйлердің алдына тұрғындардың қалай болса солай қоя салған автокөліктері құтқарушылардың өз міндетін мінсіз орындауларына кедергі келтіретіні жайлы аз айтылмайтыны анық.

 

Өткен аптаның аяғында облыс орталығының 12 және 13-ші шағынаудандарында ұйымдастырылған арнайы рейд барысында Маңғыстау облысы ТЖ Департаментіне қарасты «Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің мамандары аталмыш мәселені тағы бір көтерді.

 

 

Олардың айтуынша, әдеттегідей ТЖ бойынша жасалған шақыртулардың 70 пайызы тұрғын үйлердегі өрттерге байланысты болғандықтан, күндізгі уақытта орын алған өрттерді сөндіру кезінде бейберекет қойылған үй алдындағы көліктердің кедергі болуы 70-75 пайызды құраса, түнгі кездегі өрттерде, кешкі 21-00 ден кейін осы себептен орын алатын кедергілер 100 пайыз болады.

 

Құтқарушылар өртті сөндіру үшін келген ауыр техника үй ауласындағы автотұрақтың тығыз түрде көліктерге толы болуынан қажетті жерге жете алмай, жетсе орынның жоқтығынан кең көлемде «қанат жайып» орналаса алмауы себепті отты тез сөндіру мүмкіндігінен айырылатынын айтып қынжылды.

 

 

«Өртсөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің бөлім бастығы Назарали Селимов:

 

Қазір біз 12 шағынауданның 71-ші үйіне келіп тұрмыз. Осы жерде өрт орын алса, үй тұрғындарының автокөліктері дұрыс қойылмағандықтан бізге көп кедергі келтіретіні анық. Көліктерін тұрғындар бордюрлерге тақап қояды. Олай қоюға болмайды, себебі, біздің өртсөндіру автосатыларымыз тиісінше орнатылмайды.

 

4 – ші және 5 - ші қабаттарда өрт орын алғанда біз адамдарды құтқару үшін автосатыларды қолдануымыз қажет, ал оны орнату үшін арнайы төрт аяғын қойып алуымыз қажет. Ол үшін көліктің екі қапталынан тағы да 1,5 метрден бос орын болуы тиіс. Жеке автокөліктер тұрғаннан кейін біздің автосатыны орнататын орын болмайды. Бұл біздің құтқарушыларға адамдарды тез құтқаруға кедергі болады,- деп мәлімдеді.

 

Бұдан кейін 13 шағынауданның 51 - -ші «Б» үйінің алдына барған төтеншеліктерге тағы да тұрғын үйлердің алдына тәртіпсіз қоя салынған тұрғындар автокөліктері мен үй алдындағы биік өскен ағаштар «өртті» тез сөндіріп, адамдарды дер кезінде құтқару ісіне кедергі келтіретіні байқалды.

 

 

Бұл туралы №1 Арнайы өртсөндіру бөлімінің инженері Жолдыбек Бисенбеков:

 

- 13 шағынауданның 51 - ші «Б» үйінің 7-ші қабатында өрт шықты деген шақырту бойынша келгенімізбен, үй алдына автосатымызды орната алмадық, себебі бұл жердегі тұрғындар көліктері мен биік өскен ағаштар бізге қолбайлау болуда.

 

 Сондықтан біз өзііміздің кез-келген тиімді шешімімізді қабылдаймыз. Ең бірінші мақсатта автосатыларда орнатылған домкраттар бар. Олардың көмегімен автокөліктердің барлығын орындарынан қозғалтуға болады. Сол арқылы автосатыны орнатып, шұғыл түрде өртті сөндіру ісіне кірісеміз.

 

Мұндай келеңсіз жағдайлар – биік үйлердегі өрттерді сөндіруде ағаштар мен көліктердің кедергі болуы Ақтау қаласында көптеп кездеседі,-деп атап өтті.

 

Аталған үйдің сыртқы жағынан «өртті» сөндіруді бастаған құтқарушылар біраз әуреге түсті. Оның себебі - үй артында орналасқан бұрынғы ойын алаңынан қалған темір бағандар өртсөндірушілерге арнайы техниканы орнатып, жауынгерлік қанат жаю әрекетін жасауға кедергі болды. Орынның тарлығынан арнайы автосатыны жоғарғы тоғызыншы қабатқа дейін жеткізу мүмкін еместігіне көзіміз жетті.

 

 

- Үй маңындағы кез-келген құрылыстар, шағын кедергілердің бізге өз міндетімізді шұғыл атқаруға тосқауыл болары сөзсіз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, мына темір бағандардың кедергісінен АЛ-32 немесе 37 арнайы көліктерінің автосатылары жоғары қабаттағы балкондарға жақындатылып орнатылмайды, көліктің алыс тұруы себебінен автосатыны жеткізе алмаймыз. Сондықтан мұндай жағдайда өртті тез сөндіру мен адамдарды шұғыл құтқару ісі қиынға соғады,- деп түсіндірді орын алған жағдайды Ақтау қаласының №1 Арнайы өртсөндіру бөлімінің бастығы Хаям Амирбеков.

 

Арнайы жүргізілген рейд барысында тұрғындар тарапынан аталған шараның өздерінің қауіпсіздігін сақтау бағытында атқарылып жатқанына түсіністік танытудың орнына БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп жатқан мамандарға «Жолымды бөгедің!» деп ашу шақырған автокөлік иелерін көріп, адамдардың түсінігінің таяздығына қынжылыс таныттық.

 

Қорыта айтқанда, арнайы шараның мақсаты – тұрғындар арасында ТЖ кезінде адам өмірін аман сақтау қалу үшін әрбір қала тұрғыны осыған мүдделі болғанда ғана, әркім тек өзінің жағдайын ғана ойлап қоймай, «Сақтықта – қорлық жоқ» екенін үнемі ескере отырып, айналасындағы көрші-көлем, жақын-туыстарының қауіпсіздігі жай-күйіне де көңіл бөлсе екен дегенді түсіндіру. «Сақтансаң – сақтармын!» деген қарапайым қағиданы тағы бір рет қала тұрғындарының есіне салу.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему