Жас дзюдошылар жеңіс тұғырында
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 09:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас дзюдошылар жеңіс тұғырында

13 Марта 2016 (17:09) | 2029 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің 5 дзюдошысы республикалық жарыстан жеңіспен оралды. Орал қаласында ұйымдастырылған турнир екі күнге созылды.

 

Байрақты бәсекеге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда қалаларының 2003-2005 жылы туған 200 спортшысы қатысты. Аталмыш жарыста Маңғыстау облысының намысын 17 балуан қорғады. Олардың арасынан 5 балуан жеңіске жетіп, аймақ қоржынын 2 алтын, 2  күміс және 1 қола медальмен толтырды. Жас спортшыларды дүбірлі додаға білікті бапкерлер Ерлан Серіков, Асхат Хапанов және Жомарт Қобланов дайындаған.

 

- Бұл сайыс жас балуандар үшін алғашқы республикалық жарыс болып отыр. Дегенмен олардың жетістіктері көңіл қуантады. Турнирде 55 келі салмақта белдескен Жасұлан Асаров пен 26 келі салмақта күрескен Ердос Бегайдарұлы алтыннан алқа тағып, жарыс жеңімпазы атанды.

 

Күміс жүлдені Мейрамбек Алдаберген (50 келі салмақта) және Мағжан Аяпберген (23 келі салмақта) иеленді. Қола медаль 32 келі салмақта күрескен Ержігіт Тәжімұратқа бұйырды.

 

Жарыс қорытындысында Маңғыстау құрамасы жалпы командалық есепте 3-ші орынға тұрақтады. Бұл - үлкен жетістік. Жалпы, бүгінгі таңда біздің спорт мектебінде 100-ге жуық жас өрен дзюдомен айналысып жүр, - дейді балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Ерлан Серіков.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему