Мерекеге арналды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 20:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мерекеге арналды

13 Марта 2016 (17:06) | 2204 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қосай ата ұрпақтарының ұйымдастыруымен «Амал» мерекесіне арналған ерлер командалары арасында волейболдан Республикалық ашық турнир өтті.

 

Бұл туралы ақжолтай жаңалықты біздің басылым оқырмандары үшін Ақтаудағы ұдайы түрде өткізілетін кез-келген спорт ойындарының белсенді жанкүйері болып жүретін танымал фототілші Серік Майемеров есімді азамат ұсынып, өзі түсірген тамаша суреттерін жолдапты.

 

 

Биылғы Отпантаудағы «Амал мерекесін» атап өтуді ұйымдастыру тізгіні Қосай ата ұрпақтарының қолында. Осы мейрам қарсаңында Ақтау қаласындағы «Каспий» спорт кешенінде ардагерлер арасында волейболдан жарыс өтті.

 

- «Амал мейрамын» тек Маңғыстауға ғана емес Республикаға насихаттау үшін волейбол ойынын өткізуді ұйғардық. Турнир туралы барлық облыстарға хабар жіберіліп, соның ішінде 12 команда жиналып, қатысты.

 Бұл спорт түрі соңғы уақытта қазақстандықтардың арасында ұнатып ойнайтын ойындардың біріне айналып келе жатыр. Ереже бойынша әр командадағы 6 адамның төртеуі – ардагер, ал екеуі - жас ойыншы болуы тиіс еді.

 Бір алаңда әкесі мен баласы, ағасы мен інісі ойнады. «Ең күшті қорғаушыға» арналған және бес номинация бойынша марапат тағайындалды,- дейді ұйымдастырушылар алқасы.

 

 

Турнир қорытындысы бойынша, 1 орынға - Ақтау командасы көтеріліп, 2 орынды облыстық прокуратура ардагерлері жеңіп алды, ал 3 орынды Маңғыстау облыстық ІІД ардагерлері иеленді.

 

1 орынға - 500 мың, 2 орынға - 300 мың, 3 орынға - 100 мың теңге көлемінде сыйлық беріліп, сонымен қатар бағалы сыйлықтар да табысталды.

 

 

Ойын өте қызықты өтіп, қатысушылар, жанкүйерлер - бәрі де қош көңілмен тарасты. Турнирге "Алтынқұрық" мекемесінің басшысы Қуанышбек Спанұлы Абдрахмановдемеушілік жасады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему