Жаңа аппарат-халық игілігіне
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 10:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа аппарат-халық игілігіне

11 Марта 2014 (08:13) | 5469 | Автор: Редакция

 

Маңғыстау аудандық орталық ауруханасына соңғы үлгідегі жалпы хирургиялық операцияларды жасау үшін видеоэндоскопиялық аппарат құрал-жабдықтарымен бірге әкелініп, іске қосылды. Аталған жабдық Алматы қаласында "КазМедТех" АҚ-на тапсырыс беру арқылы лизинг бойынша алынған. Германиядан «KARL STORZ» компаниясында жасалынған бұл аппараттың құны 26 030 000 теңгені құрайды.

 

«2013 жылдың маусым айынан бастап құжаттары жинақталып, 27-желтоқсанда аппарат толыктай ауруханаға жеткізіліп, орналастырылды. Астанадан арнайы мамандар келіп құрылғыны іске қосып берді. 2014 жылдың 11 ақпанында аудандық орталық ауруханада алғашқы ота осы аппаратпен жасалынып, сәтті өтті. Облыс көлеміндегі аудандар бойынша бұл аппарат Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында ғана бар. Бүгінгі күні халық игілігіне пайдалануда»,-деп мәлімдеді Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының оташы дәрігері Мұрат Қалдыбекұлы Бекхожин.

 

 

Жалпы хирургиялық операцияларға арналған видеоэндоскопиялық аппарат төмендегідей ота түрлерін жасайды:
Лапороскопиялық холецистоэктомия (өт-тас аурулары);
Лапороскопиялық аппендоэктомия (жедел аппендецит)
Варикоцели;
Аналық без кисталары;
Жатырдан тыс жүктілік;
Диагностикалық мақсатта.

 

Облыс көлемінде жасалатын бұл оталар ендігі кезекте Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында жасалына береді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему