Арман қанатында
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 08:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Арман қанатында

24 Февраля 2016 (11:46) | 2232 | Автор: Нурганым Имашева

 

Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін

                                                                              өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар.

Ол – білім! Ол – ғылым! Ол –еңбек!

Н.Ә.Назарбаев.

 

Мектеп табалдырығын аттап, алғаш әліппені қолыма ұстап, ұстаздың «өскенде кім боласың?» деген сұрағына, үнемі ұшқыш боламын дейтінім әлі есімде.

 

Алғашқы ұстазым да, бауырына басып, әженің әлдиімен, ұлтымыздың қазақи ертегісімен бесігіне тербеткен де өз әжем Ақбала екенін үлкен құрметпен айтамын. Сол кішкентай кезімнен-ақ ата-әжемді, тәлім берген ұстаздарымды, мектебімді қуантсам деген ой үнемі есімде жүретін.

 

Мектепке толассыз келіп жатқан жарыстар мен сайыстар легіне де қатысып жүремін. Жеңілістер мен жеңістер қатар жүретін.

 

 Жетпіс жылдан астам тарихы бар, ірі қаламгер М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының мәртебесін жоғары ұстауға оқушылық үлесімді қосу – арман еді. Үстіміздегі жылғы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында әдебиетші-публицист Баубек Бұлқышевтің «... Мен өмір сүргім келеді! Мен Азия елінің ұлымын!Шығыс ұлы, жолың болсын!» деп тебірене оқып, ауданымды бір серпілткен едім. Әдебиетті, өнерді құрмет тұттым. Дегенмен асқақ арман мені бәрібір сол ғарышкер болу, ғарыш құпиясын зерттеу ғылымына әкеліп тіреді.

 

Өзімді қызықтыратын ғылым жолын ұстазым Қамбар ағайыма айту арқылы, екі жылдай ұшқышсыз ұшақ моделін құрастырумен шұғылдандық. Алға қойған мақсатымыз - ұшқышсыз ұшақтың тиімділігін зерделеу жұмысымыз осы жылы аяқталып, мектеп, аудан, облыс деңгейінде жақсы бағаланып, жалпы пәндер бойынша Алматы қаласында өткізілетін ғылыми жобалар байқауына жолдама алды. Бұл мен үшін бір жағынан үлкен қуаныш болса, екінші жағынан облыстың аманатын республика межесінен көрсете ала алам ба деген қорқыныш та болды.

 

Алматы қаласында бас қосқан 600-ден аса жобада небір жүйріктер мен керемет жұмыстар болды. Данышпан Абайдың: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым демектің бәрі де - ақымақшылдық...» дейді, ғылыммен жарыс додасына түсу өте қызық әрі қиын екен.

 

 Облыстан барған 37 оқушының 37 мектебінің үкілеген үміті жарысқа түсті. Бізді ғылым жолының ірі додасына қанат бітіріп, бізбен бірге қуанып, бірге мұңайған әрі жетекші, әрі жанкүйер, сырт жерде анамыздың ролін атқарған облыстық «Дарын» қосымша білім орталығының зертхана басшысы Несібелі Қыдырғалиқызының еңбегін ерекше атағанды жөн деп есептер едім. Облыс оқушыларының бару және келу кездеріндегі ұйымдастырылуы, жеңілістер мен жеңістердің қатар жүретіндігін түсіндіріп, қандай жағдайда да қатысуымыздың өзі жетістік екенін айтты.

 

Маңғыстау облысы додаға түскен облыстардан білім, білік жағынан қалыспадық, облысымыздың командасы 3-орынды иеленді. Облыстың қоржынына 3 алтын медаль түсті. Сол алтынның бірі – менің жұмысымның үлесіне тиді. Асқақ арманның қанаты қомдалды. Қуанышымда шек болмады. Ауылда елеңдеп күткен ақ әжем мен атамның, баптап жарысқа қосқан жетекшілерім Айжан апай мен Қамбар ағайымның, мектебімнің, Түпқараған ауданының, Маңғыстау облысының үмітін ақтағаным, арманымның алғашқы баспалдағын «алтынмен» аттағаным – мен үшін сөзбен айтып жеткізе алмайтын теңдесіз жетістік.

 

Менімен бірге барған мектебімнің 8-сынып оқушысы Дүйсекенова Арайды қола медалімен және қатысушы сертификатын иеленген Сұлтанова Дильфузаны, облысымыздың жас ғалымдарын жүлделерімен шын ниетіммен құттықтаймын!

 

Ғылым жолындағы қадамдарына қарымдылық тілеймін. Ғылым кеңістігіне жол салуда бағыт берген мектептегі дарынды балалармен жұмыс жетекшісі Айжан апайға, жұмыс барысындағы жетекшім Қамбар ағайға алғысым шексіз!

 

Аязханов Сұңқар

Түпқараған ауданы

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясы, 11-сынып оқушысы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему