Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай саласына былтырғы жылы жергілікті бюджеттен 209 млн. теңгеден аса қаржы бөлінген
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай саласына былтырғы жылы жергілікті бюджеттен 209 млн. теңгеден аса қаржы бөлінген

23 Февраля 2016 (09:54) | 2230 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда облыс әкімшілігінде аймақ әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұловтың басшылығымен Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Оның жұмысына Маңғыстау облысының қала және аудан әкімдері және облыстық ТЖ алдын алу және жою комиссиясының мүшелері, азаматтық қорғау қызметінің бастықтары және өндіріс басшылары қатысты.

 

Отырыста комиссия мүшелерімен Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2015 жылы атқарған жұмысының қорытындысы және 2016 жылға арналған негізгі тапсырмалары, сонымен қатар Каспий теңізінде авариялық-құтқару жасағын құру туралы сұрақтары қаралды.

 

Бірінші сұрақ бойынша Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Базарбаев Қуанар Бекенұлы баяндама жасады.

 

 Сала басшысының мәлімдеуінше, «2015жылы жергілікті бюджеттен Департаментке 209 млн. аса теңге қаржы бөлінді. Осы қаражаттан өрт бөлімшелерінің толықтай жөндеу жүргізу Жобалау – Сметалық Құжаттамасы жасақталды, Ақтау, Форт-Шевченко қалаларының және Құрық кентінің жедел – құтқару бекеттеріне модулдық әкімшілік ғимараттар алынды, жылу түтін камерасы, автокөлік құралдары, ілмелі қайық моторлары және төтенше жағдай жүйесіне басқа да жабдықтар алынды. 

 

Ақтау қаласының бюджетінен облыс орталығының 10 шағын ауданына және екі қала шетіндегі «Өмірзақ» және «Приозерный» кенттеріне жаңа құлақтандыру жүйесі алынды және орнатылды».

 

Жиында осыдан кейін, күн тәртібі бойынша Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Аумақтық қорғаныс басқару қызметі және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы, Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы, «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақ Берен» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау филиалы басшысы тыңдалды.

 

Отырысқа қатысушылар Каспий теңізінде авариялық-құтқару отрядын құру мәселесін қарады.

 

Өткізілген отырыс қорытындысы бойынша облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасы - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әнуар Шөжеғұлов қала және аудан әкімдеріне, ұйымдардың және өндірістердің бірінші басшыларына алдағы уақытта өрттердің және судағы қауіпті мезгілдерде алдын алу шараларын ұйымдастыру туралы нақты тапсырмалар берді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему