Мұнайлы ауданы кәсіпкерлері бизнес инкубатордың қамқорлығын сезінуде
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 21:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданы кәсіпкерлері бизнес инкубатордың қамқорлығын сезінуде

23 Февраля 2016 (09:51) | 3266 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бүгінде еліміз бойынша кіші және орта бизнес өкілдерінің кәсіпкерлігін дөңгелетіп, бизнестегі алғашқы қадамын нық басуы үшін мемлекет тарапынан бар жағдайлар жасалуда. Осы бағыттағы жағымды жаймен бөліскен Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуовтың ақжолтай жаңалығын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Аймақтағы тұрғындар саны бойынша көш бастап тұрған бес ауданның бірі - Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 137 000-ға жуық халық тұрады.Аудан тұрғыны Анар Ержанова алғашында 4 автокөлікпен такси қызметін ұсынуды қолға алып, «Da-da» такси қызметін ашты. Ал осыдан екі жыл бұрын «Ресей жинақ банкі» АҚ Ақтау қаласындағы филиалы арқылы 15 млн. теңге көлемінде несие алып, темір тұлпар санын онға жеткізді.

 

Такси қызметінің өз орталығы болуы шарт. Ауданда бизнес орталықтардың көп екендігіне қарамастан, кәсіпкер кеңсені жалға алуға асықпады. Оның себебі, қаражаттың жетіспеуі және ай сайын несие де төлеу қажет. Сол себепті Анар Ержанова Мұнайлы ауданы кәсіпкерлер Палатасының жанынан ашылған бизнес инкубатордан орын сұрап барған. Мұнда оның сұранысы қанағаттандырылды. 10 кабинеттің бірі оған аз мөлшерде жалға берілген.  

 

- Ауданда тұрғындар саны күн санап өсіп келеді. Сосын кәсіппен айналысқанды жөн санадым. Көп ойлана келе, такси қызметін ашу қажет деп шештім. Қателеспеген екенмін. Мәселен, облыс орталығына жету үшін салон жалдасаңыз, такси қызметіне 1500 теңге төлейсіз, ал ауыл арасы болса 300-1000 теңге аралығында. Барлығы арадағы қашықтыққа байланысты. Жалпы өз ісімді дөңгелетуге бизнес инкубатордың көмегі орасан болып отыр деп айта аламын», - дейді «Da-da» такси қызметінің жетекшісі Анар Ержанова.    

 

Алғашында өзі диспетчер болған Анар, қазір бала күтімімен үйде отыр. Бірақ тез-тезден жұмыс орнынан хабар алып тұрады. Оның қарамағында 12 адам жұмыс істейді. Оған демеу болған жанның бірі балаларының әкесі екен, ол алғашында таксист болып қызмет еткен.

 

 

Мұнайлы ауданы кәсіпкерлер Палатасының директоры Әділет Сәмидің айтуынша, өз ісін жаңадан бастаған кәсіркерге бизнес инкубатордың көмегі зор. Себебі мұнда олар тек коммуналдық ақыға ғана ақша жұмсайды.  

 

- Қазіргі уақытта инкубаторда 10 кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Әр қайсысы кемінде 2-3 адамнан жұмыспен қамтып отыр. Кабинеттерді жалға алмайды, тек коммуналдық ақы төлемін мойнына алады. Мұнда тоңазытқыш, ғаламтор, телефон сияқты қажеттінің барлығы бар», - дейді ол.

 

Бизнес инкубаторда фотостудия, тігін цехы, шаштараз, такси қызметі, лаборатория, компьютер жөндеу және тағы басқа қызмет түрлері көрсетіледі. Айта кету керек, аталмыш инкубатордың әзірге облыста баламасы жоқ. Келісім - шарт негізінде, өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкер 6 айға дейін бизнес инкубаторда жұмыс жасай алады. Аяққа тұрған соң, олардың орнына басқа кәсіпкерлер келеді.

 

- Бүгінде аудан кәсіпкерлері тарапынан инкубаторға деген қызығушылық артып отыр,- деп сендірді, аудандық кәсіпкерлер Палатасының директоры Әділет Сәми.  

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
mary, 15 Сентября 2016 (02:43)
0 0
атауы болып табылады ханым Мэри, Сәлем. Менің асыл отбасы жер бетінен жойылып кету жалпы босатылды кезде мамырға дейін Colorodo өмір сүру үшін қуаныштымын, бірақ менің асыл отбасы және мен қайта бақытты көңіл-күй болып табылады және мен қазір үлкен әйел сенімдімін. Мен өмірімді сақталған Laon компанияға жатқызуға болатын, мен несие сұрайды ешкімге қараңыз уәде дейін біздің бизнес өртеп және бәрін жоғалтқан, Мен берілді маған және менің family.We туралы куәлік осы құралдарын пайдалану арқылы жатырмын менің қайтадан өмір бастау оларды қанағаттандыру және хабарласыңыз және оларды айтып инвестициялық мақсаттар үшін маған несие қарызға Құдайдан қорқатын адам 2% сыйақы ставкасы бойынша $ 120,000.00 туралы баптау оларға оны Reefer олар екі ай бұрын несие берді ханым Мэри болып табылады.

Email: (creditchristianloan@gmail.com) ..... Құдай ұлы көмекшілер халқына бата,
Aktau, 24 Февраля 2016 (13:02)
0 0
15 млн теңге несиені қанай пайызбен алған екен? Біліге болама?
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему