Асхат – күміс жүлдегер атанды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 07:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Асхат – күміс жүлдегер атанды

18 Февраля 2016 (12:14) | 2205 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстаулық балуан Асхат Хапанов самбо күресі бойынша өткен халықаралық жарыстан жеңімпаз боп оралды. Асхат-Байқоңырда өткен «Халықтар достығы» ІІ халықаралық турнирде күміс медальға ие болды. Бұл жолы дүбірлі додаға көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан республикаларынан бөлек, Қазақстанның барлық аймақтарынан 300 балуан қатысып, бақтарын сынаған.

 

Байрақты бәсекенің күміс жүлдегері Асхат Хапанов:

 

-Жарыс 12-14 ақпан аралығында Байқоңырда ерлер арасында әскери самбодан және самбо күресінен 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті.

Мен ерлер арасында өткен әскери самбода 82 келі салмақ дәрежесінде белдестім. Алдымен алматылық балуанмен шығып, оны 6:1 есебімен жеңдім, одан кейін қызылордалық, байқоңырлық қос балуанды 8:0 есебімен ұтып, финалға жолдама алдым.

Ақтық сында тағы бір байқоңырлық балуанмен белдестім, өкінішке орай, қапыда қарсыласыма 2:1 есебімен жол бердім. Осылайша, турнирдің күміс медалін иелендім,-дейді.

 

 

Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатында оқып білім алған Асхат бүгінде өзі де шәкірт тәрбиелеп, бапкер болып еңбектенуде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
AktAu, 24 Февраля 2016 (12:59)
0 0
Азамат, інішек
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему