Ақтау өртсөндірушілері арасында самбо бойынша жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 05:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау өртсөндірушілері арасында самбо бойынша жарыс өтті

9 Февраля 2016 (14:34) | 2273 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Динамо» спорт кешенінде екінші рет самбо спорты бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жарысты Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі ұйымдастырды. 

 

Бұл туралы «ҚР ІІМ  ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД  ӨС және АҚЖҚ» ММ (Ақтау қаласы) мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

 

Күрес спорт кешенінің екі залында, екі кілем үстінде қатар өтті. Құтқарушылар кубокты жеңіп алу үшін Маңғыстау облысының әрбір ауданынан жиналды. Спорт мерекесіне, 4 салмақтық категорияда бағын сынаған, барлығы 20 қызметкер қатысты.

 

Күні бойы спортшылар өз жанкүйерлерін, әсіресе финалда – күрес бір кілемде өткенде толғанысқа бөледі. Орынбасаров Нұржан мен Қуанбеков Бекзаттың қатысуымен өткен тартыс жарқын және есте қаларлық күрес болды. 

 

Ал Көпбосынов Берік бүкіл залды тосыннан әрі жарқын біршама тактикалық, күрделі әдіс-тәсілдерді пайдаланып таң қалдырды.

 

Жеке сынақта жүлделі орындарды: 62 кг-ға дейінгі салмақтағы категорияда бірінші орынды - Өрт сөндірушілерді даярлау мектебінің (КДМ) тыңдаушысы Капарбаев Арман, екінші орынды 13-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Желтауов Асқар, үшінші орынды Апаттар медицинасы орталығының фельдшері Ибрашев Темірлан иеленді.

 

 

Ал 74 кг салмаққа дейінгі категорияда І орынды ТЖ департаментінің қызметкері Орынбасаров Нұржан, ІІ орынды №2 МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Көпбосынов Берік, ІІІ орынды КДМ тыңдаушысы Қуанбеков Бекзат жеңіп алды.

 

90 кг-ға дейінгі салмақтағы категорияда жүлделі бірінші орынға №1 МӨСБ өртсөндірушісі Шехвердиев Ахмет, екінші орынға №10 ӨСБ өрт сөндірушісі Жұмаділов Әлібек, үшінші орынға №3 ӨСБ өртсөндірушісі Қашағанов Дулат көтерілді.

 

100 кг-нан жоғарғы салмақтағы категорияда ІІ орынды №13 МӨСБ өртсөндірушісі Боранбаев Мыңжан иеленіп, ал №1 МӨСБ бөлімше командирі Бүркітов Берік жарыс жеңімпазы атанды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему