Ақтау қалалық прокуратурасы сот актілерінің орындалуы бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 12:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау қалалық прокуратурасы сот актілерінің орындалуы бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырды

8 Февраля 2016 (11:18) | 2174 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен 04 ақпан 2016 жылы қалалық сот орындаушылар бөлімінің ғимаратында қала прокуроры Т.А. Әлібаевпен, облыстық Әділет Департаменті басшысының орынбасары Б.Ж. Колумбаев және Ақтау қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілінің қатысуымен сот актілерінің орындалуы барысында туындайтын мәселелері бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізілді.

 

Аталмыш шара барысында 15 азамат қабылданып, олардың арасынан 5 азамат қала прокурорына арызбен жүгінді. Қалған азаматтарға прокурормен қолданыстағы заң нормаларына түсінік берілді. 

 

Қабылдауға келген азаматтардың шағымдарының басым көпшілігі  борышкерлерден алименттің өндірілмеуіне және алименттің аз мөлшерде төленуі бойынша, сондай-ақ, сот актілерінің орындалу тәртібіне түсінік беру туралы болды.

 

Ақтау қаласының тұрғыны Реунов Анатолий Владимирович есімді азамат өзі зейнет жасына дейін соңғы 15 жылда еңбек еткен «АқтауЖолдары»-«ЖолСервис» ЖШС мекемесінен 2015 жылы 13 шілдеде жұмыстан шыққанымен әлі күнге 1 млн-нан асатын жалақысын ала алмай жүргеніне шағымданып, шара барысында облыстық әділет департаментіне жүгінген.

 

- Өткен 2015 жылдың 23 желтоқсанында болған соттың шешімі әлі күнге орындалмай жатыр. Борышкер мекеме есеп-шотта ақша жоқ деген желеумен, сот шешімін орындамай отыр. Сондықтан бүгін облыстық әділет департаментінен мәселемді шешуге көмек сұрап келіп отырым. Екі күннен соң хабарласып, жалақымды өндіріп беруге уәде етті,-дейді Анатолий Владимирович.

 

Бұл шағым жөнінде Маңғыстау облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Дариға Кесікбаева:

 

- Борышкер-мекеменің шоттары, барлық төлем қабілеттігі жан-жақты тексеріліп, сот шешімін орындамаған жағдайда әкімшілік-қылмыстық құқық бұзушіліққа дейін апарамыз. Соның нәтижесінде бұл азаматтың жалақылық қарыз жөніндегі мәселесі шешіледі деп ойлаймыз,- деп мәлімдеді.

 

Дариға Саламатқызының айтуынша: «2015 жылдың қорытындысы бойынша сот шешімдерінің орындалмауы жөнінде сот орындаушыларға шамамен 5-6 мың азамат шағымданған. Нәтижесінде, біздің мемлекеттік сот орындаушылардың орындауында 35 мың атқару құжаты болған. Солардың 74%-ы орындалып, азаматтарға ала алмай жүрген қарыздарын алып берген болатынбыз. Мұның ішінде 1 млрд-тан жоғары сомада қаржы өндірілді. Атап айтар болсақ, 484 азаматқа 500 млн-нан астам сомадағы ала алмай жүрген жалақыларын алып бердік.

 

Бұл жұмыстардың барлығын мемлекеттік сот орындаушылары атқарды. Енді 2016 жылдан бастап, «Ұлт жоспарына» сәйкес, «100 нақты қадам» бойынша  іске кірісіп жатырмыз. Бүкіл атқару құжаттарын, сот шешімдерін енді жеке сот орындаушылары орындайды. Мемлекеттік сот орындаушылар тек мемлекеттен өндіру бойынша, мемлекеттің пайдасына мүліктік тәркілеу бойынша, яғни мемлекетке қатысты барлық істер бойынша жұмыстанатын болады. Ал қалған құжаттар жеке сот орындаушыларға тапсырылады.

 

 

Облыс бойынша қазір бізде 24 жеке сот орындаушы бар, олардың санын көбейтіп жатырмыз. Барлығымыз бір ғимаратта орналасқанбыз. Олардың өз төрағасы бар. Жеке сот орындаушылардың көп бөлігі қала бойынша, ал барлық аудандар да жеке сот орындаушылармен қамтылды деп айтуға болады. Сондықтан халық  үшін бұл бағытта барлық жағдай жасалған.

 

Бүгінгі кездесуге көбіне өзекті мәселе-алимент өндіру бойынша шағымданып келушілердің қарасы көп. Себебі алимент төлеушілер көбіне-көп өз борыштарын өтемей жатады, ал кейбірі алимент көлемінің аздығын айтып шағымдануда.

 

Осы бағытта біз 2015 жылы 26 адамды алимент төлемегені үшін сотқа тартып, 200-ден аса азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Алдағы уақытта да жеке сот орындаушылардың көмегімен осы мәселенің де шешімін табу жолында халыққа қызмет көрсетуді жалғастыра береміз».

 

Ақтау қаласының прокурорымен борышкерлерге сот шешімін мәжбүрлетіп орындату үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес борышкерлердің мүліктеріне тыйым салу, Қазақстан Республикасының шекарасынан шығуға шектеу қою, арнайы құқықтары мен рұқсаттарын уақытша тоқтату, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылатындығын қабылдауға келген азаматтарға түсіндірілді.

 

Осыған байланысты, қала прокуратурасы алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген борышкерлерге және де өзге сот актілерін орындамай жүрген борышкерлерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139, 430 баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

 

Ақтау қаласы прокуроры Талғат Айтбайұлы Әлібаев:

- Жыл сайын жылдың басында осындай қабылдаулар өткізіп, азаматтарға арналған «Ашық есік күнін» ұйымдастырып отырамыз. Қазіргі таңда көптеген сот шешімдерінің ұзақ мерзімге орындалмауы бойынша азаматтар бізге және әділет департаментіне шағымданады және елімізде енгізіліп отырған жеке сот орындаушылар институтының қызметі бар, солар бойынша бүгінгі кездесуді өткізіп жатырмыз.

Мұндағы мақсатымыз – сот шешімдерінің орындалмау себептерін жан-жақты қарап, тиісті заңды жолдарымен азаматтардың заңды құқықтарын қорғау. Жалақы қарыздары, алимент өндіру және кейбір қылмыстық істерге қатысты жәбірленуші азаматтар сот шешімдерінің орындалмауы жөнінде шағымданып жатыр.

Өткен 2015 жылы Ақтау қаласы прокуратурасымен 7 борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139, 430 баптарымен қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабымен 28 борышкер сот шешімдерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

31 алимент төлемей жүрген борышкер жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелді. Оның ішінде 11 борышкер жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда ай сайын жалақыларынан алимент өндірілуде. Былтырғы 2015 жылғы ең қомақты көлемдегі өндірілген борыш жөнінде айтар болсақ, біз үш жыл бойы төленбеген бір отбасындағы 3 кәмелеттік жасқа жетпеген балаға тиесілі 1 млн. 400 мың теңге көлеміндегі алимент борышын өндіріп бердік.

241 азамат қазіргі таңда алимент бойынша қарыздарын төлемей жүр, ал 600-ге жуық азамат айсайын төлеуде. Өндірілмей тұрған өндірістердің саны бүгінде 40 шақты.

Осыған байланысты алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге өз балаларына алимент төлету үшін қала прокуратурасымен және сот орындаушылармен заңда көзделген барлық қатаң шаралар қолданылатын болады,- деп мәлімдеді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему