Көлік құралдарына жүргізілген профилактикалық тексеру
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 01:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Көлік құралдарына жүргізілген профилактикалық тексеру

3 Февраля 2016 (07:52) | 2838 | Автор: Редакция

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 15 жұлдызында Ақтау қаласындағы ГМ-172/10 мекемесінің басшылығымен көлік құралын басқаруға құқығы бар қызметкерлердің көліктерінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салатын ақаулардың орын алмасы үшін және жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатындажол патрульдік полиция қызметкерлері тергеу изоляторына шақырылды.  

 

Мекеменің жеке құрамы қызметкерлерінің меншігіндегі автокөліктерінің жай-күйі, Ақтау қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қозғалысы қауіпсіздігінің инспекторы полиция капитаны Ян Садыкин тарапынан тексерілді. Сонымен қатар, жүргізілген тексеруге Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр жұмысы бөлімшесінің жеке құрам бойынша инспекторы әділет майоры Гульнара Матжанқызыда қатысты.

 

Мекеме бастығының режим және күзет жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Азат Қалдыбайұлының басшылығымен көлік құралдарының жай-күйіне жүргізілген бұл профилактикалық тексерісте, қызметкерлердің көлік құралын басқаруға құқық беретін құжаттарының мерзімі, көлік құралдарының техникалық жай-күйі және көліктің мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткендігіне баса назар аударылды.

 

 

Аталмыш тексеру барысында жалпы саны мекеменің көлік құралдарын қоса есептегенде он бестен астам көлік құралдарының жай күйі мен жүргізуші қызметкерлердің көлік құжаттары қаралды.

 

Полиция капитаны Ян Садыкин тарапынан жол жүрісі қауіпсіздігі төңірегін қамтыған көлік жүргізу барысында міндетті түрде сақтандыру белдігін тағу, ұялы телефонды қолданбау, алкагольдік ішімдік пайдаланып көлік жүргізбеу, жылдамдықты асырмау және олар жөніндегі жауапкершілік мәселесі түсіндірілді.

 

Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңындағы келесі көрсетілген бұзушылықтар үшін:

- көлік жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса – 5 АЕК,

- рульде келе жатып ұялы телефонмен сөйлессе – 5 АЕК,

- тыйым салынған жерден бұрылса – 10 АЕК,

- бағдаршам белгісіне бағынбаса немесе қозғалысты реттеушінің нұсқауын орындамаса – 10 АЕК көлемінде айыппұл төленетіні туралы мәлімет берілді.

 

Сонымен қатар, көлікті алкаголдік ішімдік пайдаланып мас күінде жүргізу, қызметкерді теріс қылық бойынша жұмыстан босатуға әкеп соғатыны да атап көрсетілді.

 

Ағымдағы жылғы Ақтау қаласындағы жол ережесін өрескел бұзудың кесірінен болған апаттар мен адам өлімі туралы мәліметтер де назардан тыс қалмай жеке құрам назарына жеткізілді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему