Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері арасында үстел теннисі бойынша жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 18:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері арасында үстел теннисі бойынша жарыс өтті

1 Февраля 2016 (11:25) | 4332 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда Ақтау қаласында ҚР ІІМ ТЖК VІІ қысқы Спартакиадасы аясында Маңғыстау облысының өрт сөндіру бөлімшелері арасында үстел теннисі бойынша жарыс өтті. Спорттық бәсеке «СК Теннис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің теннис залында ұйымдастырылды.

 

«Жарыстың мақсаты – өрт сөндірушілер арасында үстел теннисін дәріптеу. Үстел теннис ойыны үлкен шыдамдылықты талап ететін, қарқынды атлетикалық ойын. Сондай-ақ бұл белсенді демалыстың керемет құралы.

 

Жарыста, теннис үстелдерінің басында жас ерекшеліктері бойынша төрт топтан барлығы 35 ойыншы кездесті.

 

Ойын қорытындысында бірінші жас тобы бойынша біріншілікті №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты Ағатаев Рысали, екінші жас тобы бойынша бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Тлепиев Ерлан, үшінші жас тобы бойынша бөлімше командирі азаматтық қорғау аға прапорщигі Ермаханов Мақсат және төртінші жас тобы бойынша бірінші орынды өрт техникасы мен қондырғылары бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Дорофеев Максим иеленді»,-деп хабарлады «ҚР ІІМ Маңғыстау облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ (Ақтау қаласы) мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

- Барлық қатысушылар өздерінің теннис ойынына деген қызығушылықтарын танытып, бұдан әрі қарай бұл ойын бойынша жаттығуларын дамыта түсетінін айғақтады. Үстел теннисі бойынша жарыс өрт сөндірушілер арасында игі дәстүрге айналды. Алда жеңімпаздарды үстел теннисі бойынша Ақтөбе қаласында өтетін ҚР ІІМ ТЖК VІІ қысқы Спартакиадасы күтуде» - деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, кезекші өрт сөндіру бөлімінің кезекшісі азаматтық қорғау майоры Нұртаев Асхат.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему