Ішкі істер департаментінде жедел кеңес өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 16:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ішкі істер департаментінде жедел кеңес өтті

28 Января 2016 (11:14) | 1837 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов пен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың қатысуымен жедел кеңес өткізілді.

 

 

Жедел кеңесте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауынының талаптарын орындау мақсатында ішкі істер органдарының 2015 жылғы қызметінің қорытындысы мен ішкі істер органдарының басты міндеттері талқыланды.

 

Департамент қызметіндегі жедел қорытындылау жиналысына Елбасының «бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген талаптарын іске асыру шеңберінде құрылған облыстық, қалалық және аудандық жергілікті полиция қызметінің басшылары алғаш рет қатысты.

 

Берік Бисенқұловтың жиналыста атап өткеніндей, жергілікті полицияның құрылуы құқық қорғау қызметін аймақ тұрғындарымен жақын ететіндігі сөзсіз. Жергілікті полицияның жұмысы құқық бұзушылықтар профилактикасын арттыруға, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін көтеруге, қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» тудыруға мүмкіндік береді.

 

Облыстық ІІД бастығы Кайрат Дәлбеков маңғыстаулық полицейлермен өткен жылы облыс аумағындағы қылмыспен күрес, құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және өз қатарында тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы атқарылған шаралар туралы хабарлады.

 

 

Министрдің орынбасары «қылмыстық заң мен сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жағдайында бөліністердің жедел-қызметінің көрсеткіштерін төмендетпей, қылмыстар туралы барлық арыз-шағымдар мен хабарламаларға мүлтіксіз жедел жауап қатуды қамтамасыз ете отырып, деңгейін жоғарылатамыз»,-деді.

 

Жаңа құқыққорғау құрылымы – жергілікті полиция қызметінде оның қалыптасуы мен тиімді қызмет етуіне басты назар аударылады.

 

«Сонымен қатар, Президенттің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік-жеке әріптестікті, пробация қызметін дамыту шегінде түзеу колониялары құрылысының мәселелерін тыңғылықтау (зерделеу) бойынша жұмыстар жүргізуді жалғастырамыз» Берік Бисенқұлов.

 

Шарадан кейін кеңеске қатысушылар ІІО-ның мұражайын және құрылысы аяқталуға жақын «Динамо» спорт кешенін аралап көрді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему