Азық-түлікті арзан бағамен қайдан сатып алуға болады?
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Азық-түлікті арзан бағамен қайдан сатып алуға болады?

26 Января 2016 (10:35) | 2685 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елімізде доллар бағамы көтерілген сайын азық-түлік бағасы да өсе түсуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда былтырғымен салыстырғанда барлық тағам түрлері біршамаға қымбаттапты. Орын алған жағдайға орай, жергілікті билік әр сенбі сайын Ақтаудың қақ ортасында азық-түлік жәрмеңкесін өткізуді қолға алды. Айтпақшы, бұл жәрмеңкеде Маңғыстаудың бекіресі де саудаланып жатыр.

 

 

Ақтаудағы ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі 11-шағын аудандағы «Ынтымақ» алаңында өтеді. Таңғы сағат тоғыздан жергілікті отандық тауар өндірушілер мен шаруалар өз өнімдерін халыққа қолжетімді бағада ұсынуда. Жергілікті кәсіпкерлер 33 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бұрынғы бағамен сатып жатыр. Көкөніс пен жеміс-жидек, сүт, ет және ұн өнімдері нарықтағы құнынан 10-15 пайызға арзандатылған.

 

Сондай-ақ өткен сенбі күні өңірдегі бекіре зауытында өсірілген балықтар да сатылымға шығарылды. Тұтынушыға тірідей жеткізілетін бекіре балықтарына халық тарапынан сұраныс тіпті жоғары болды. Ферма қызметкерлері осы жәрмеңкенің арқасында соңғы үш айда жарты тонна бекіре сатып үлгеріпті.

 

Айнұр Медиманова, «Қазақ бекіре» зауытының балық өсірушісі:

- Өзіміздің зауытта өсіріліп жатқан қызыл балық түрлерін алып келдік. Таңертеңнен бастап сатып жатырмыз. 100 келі шамасында 30 дана балық әкелдік.

 

 

Мнира Байкова, қала тұрғыны:

- Қазақстанда өндірілген тауарларды сатып алып жатырмыз. Картоп, пияз, жеміс-жидектердің де сапасы жақсы. Бағалары біршама арзан болған соң, апта сайын осы жәрмеңкеге келемін. Тірідей сатылып жатқан бекіре балықтарын алуға үлгермей қалдым. Әп-сәтте өтіп кетіпті.

 

«Жәрмеңкеде шаруалар мен отандық тауар өндірушілердің өнімдері делдалсыз сатылатындықтан мұндағы азық-түліктің бағасы дүкендер мен базарлардан біршама арзан, халыққа қолжетімді»,-дейді шараны ұйымдастырушылар. Құрметті тұрғындар, әр сенбі сайын таңертең аталған жәрмеңкеге барып, отандық өнімді сатып алып, баға берулеріңізге болады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему