Алғашқы құрастырмалы тұрғын үй пайдалануға берілді
Курс валют в Актау
на 23/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
23 Апреля, 14:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алғашқы құрастырмалы тұрғын үй пайдалануға берілді

25 Января 2016 (09:45) | 3156 | Автор: Мира Ботабекова

 

Ақтауда толықтай отандық өнім көмегімен бой көтерген алғашқы көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді. Аталған баспана жаңа технологиямен салынған. Модульді тұрғын үй технологиясы бойынша яғни «Лего» ойыншығы тәрізді құрастырылды. Оның құрылысына қаладағы индустриалды құрылыс комбинатында инновациялық әдіспен шығарылған темірбетон өнімдері қолданылды. Қазақстанда жасалған материалдардың арқасында қысқа мерзімде қабырғасы берік ғимараттар құрастырылып жатыр.

 

Сырттай қарағанда жаңа технологиямен салынған көпқабатты тұрғын үйдің өзгелерінен еш айырмашылығы жоқ. 9 қабатты, 134 пәтері бар. Ерекшелігі – инновациялық өніммен қаланған қабырғаның беріктігінде. Темірбетонды құрастыру әдісі бойынша салынған баспана жер сілкінісіне шыдамды.

 

Мұндағы 90 пәтер кезекте тұрған азаматтарға беріледі, қалғаны сатылып жатыр. Отандық өнімнің сапасын жақсы білетін құрылысшы Мұса Беймырзаев та осы үйді таңдапты.

 

 

Мұса Беймырзаев, жаңа пәтер иесі:
- Ақтау қаласына көшкіміз келіп, үй қарадық. Көптеген үй салынып жатыр ғой. Бәрі де ұнайды, бірақ осы үйді ұнаттық. Бұл - қазіргі таңда өзіміздің отандық өніммен салынып жатқан үй. Бөлмелерінің кеңдігі, жылылығы, салынған құрылыс материалдары бәрі де көңілімізден шықты.

 

Мұндай баспаналар модульді тұрғын үй технологиясы бойынша яғни «Лего» ойыншығы тәрізді құрастырылады. Жаңа әдістің арқасында жылдың кез-келген мезгілінде ғимараттардың қабырғасын қалай беруге болады екен. Отандық темірбетон өнімдері қысқа мерзімде арзан баспаналардың бой көтеруіне ықпал етуде. «Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылғандай, құрылыс саласына жаңа жүйе енгізілсе, жұмысымыз бұдан да жеңілдей түседі», - дейді құрылысшылар.

 

Марат Аушахманов, құрылыс компаниясының директоры:
- «100 нақты қадам» жоспарының 47 қадамында жобалық-сметалық құжаттарды сараптамадан өткізу процесін бәсекелестік ортаға беру туралы өте орынды айтылған. Жаңа жүйенің арқасында нысанды сараптамадан өткізу жеңілдеп, оның бағасы да арзандай түседі деген сенімдеміз. Бұл құрылысшылар үшін өте тиімді. Құрылыс саласына енгізілген өзгерістер елімізде баспаналардың көптеп салынуына тікелей ықпал етеді деп ойлаймын.

 

 

Аймақтағы индустриалды құрылыс комбинатының арқасында жылына 100 мың шаршы метр баспана салуға болады екен. «Зауытта шығарылатын темірбетон өнімдері өңірдегі тұрғын үйдің бағасын төмендетуге де ықпал етеді», - дейді мамандар. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын өткен жылы 30 мыңнан астам темірбетон өнімдерін өндірген. Инновациялық өнімдердің сапалы құйылуына зауыттағы 80 адам жауапты.

 

Сағадат Сәлімова, зертхана меңгерушісі:
- Біз әрбір бетон өнімінен шағын үлгі алып, оны әр 7 күн сайын тексеріп отырамыз. Оның мықтылығын, сапасын қадағалаймыз. Кәсіпорында еңбеккерлерге де жақсы жағдай жасалған Асхана, жатақханасы бар.

 

Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймақта керамзитті материалдар шығаратын тағы бір зауыт бой көтеруде. Бұл кәсіпорын өндіретін өнімдер баспаналардың жылы болуын қамтамасыз етеді екен. «Жаңа зауыт іске қосылғанда құрылыс саласындағы отандық өнімдердің үлесі 95 пайызға жетеді», - дейді мамандар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему